"Қаланы көргіміз келді": Алматы облысында жоғалып кеткен 2 оқушы табылды

"Қаланы көргіміз келді": Алматы облысында жоғалып кеткен 2 оқушы табылды

"Қаланы көргіміз келді": Алматы облысында жоғалып кеткен 2 оқушы табылды
ашық дереккөзі
Алматы облысының Ескелді ауданында қаңтардың 21-і жоғалған қыздар табылды. Оқушылар Алматы қаласы Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен табылып, ата-анасына жеткізілді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, оқушы қыздар мектептен кейін үйге қайтпай кетіп қалу себебін Алматы қаласын көргіміз келді деп түсіндірген. Қазіргі таңда екеуі де аман-есен отбасымен қауышты. Тәртіп сақшылары оқиғаның қалай өрбігенін нақтылап жатыр. Қыздардың ата-аналары балаларының табылғаны және аман-саулығы жайлы бейне түсіріп әлеуметтік желіге жариялады. Олар апалы-сіңілі Ару мен Талшынды іздестіруге жұмылған барша азаматтарды, Ескелді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтып ризашылығын білдірді.