Елді не елеңдетеді?

«Сізді не мазалайды?». Бүгінгі қоғамды алаңдатқан ең өзекті мәселелерді анықтау үшін осы сауалды әр сала мамандарына, әртүрлі жас өкілдеріне қойып, сауалнама жүргіздік. Алынған жауаптар сан қилы. Оларды сала-салаға жіктеп, қаузалуы тиіс негізгі тақырыптарды екшедік. Әуелгі топтағанымыз һәм тоқталатынымыз – әлеуметтік мәселелер.

Басты мәселе – баспана

Көптің көкейін күпті еткен ең негізгі түйткіл – баспананың жоқтығы. Сауал­намаға қатысқан әрбір үшінші адам пәтер жағалап жүрге­нін айтып, «өз үйім болса» деген арманын жеткізді.

Статистика комитеті мамандарының дерегінше, соңғы 12 айда тұрғын үй ба­ғасы өс­кен өңірлер көшін Қостанай (+39,5 мың тг) , Семей (+32,4 мың тг) және Пав­ло­дар (+31,4 мың тг) бас­тап тұр. Са­лыс­тыр­малы түрде алатын болсақ, Нұр-Сұлтанда жаңа үйлердің шаршы метрі 22,5 мың теңгеге, ал Алматыда 16 мың теңгеге қым­бат­таған.

Жылжымайтын мүлік нары­ғын­дағы ең танымал ресурс – Krisha.kz сайтындағы хабарландыруларға көз жі­берсек, Алматыда эконом-кластағы бір бөл­мелі пәтердің құны 11 млн теңгеден бас­талады. Орналасқан ауданына, жүргі­зіл­ген жөндеу жұмыстары мен жиһаздың са­пасына қарай баға шарықтай берген. Әсіресе, жаңа пәтер­лердің құны жоғары. Талғамыңыз бен қалтаңызға қарай Алма­ты­ның орталығынан заманауи жабдық­талған бір бөлмелі су жаңа пәтерді 23 млн теңгеге ала аласыз.

Тұрғын үй нарығының сарапшысы Ерлан Қарысбаевтың айтуынша, жаңа пәтерлердің бағасын құрылыс компаниялары белгілейді. Оған делдалдар өз бағасын қосады. Салдарынан бұрыны­рақ салынған үйлердегі пәтерлердің құны да еріксіз қымбаттайды.

«Krisha.kz сайтын алайық. Хабарландыру берушілер әуелі құрылыс компаниялары­ның жарнамасын қарайды. Жоғары баға­ны көреді де, өз үйіне де дәл сондай баға қояды. Пәтерінің ескі екеніне қарамайды. Мы­салы, құрылыс компаниясы өзі сал­ған пәтерді 12 миллион теңгеге бағалап тұр. Мұны көрген өзге бір үй иесі өзінің 8 мил­лиондық пәтерін 12 миллион теңгеге кө­теріп қояды», – дейді Ерлан  Қарсыбаев.

Дүниежүзілік банктің Орта­лық Азиядағы экономисі Уильям Зейтц­тің сөзінше, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйлер­дің бағасы Сан-Франциско, Сидней және Ванкуверде са­ты­ла­тын үй­лер­дің бағасынан қымбат. «Адамдар тап­­қан табысының 30 пайызын бас­­­­пана алуға жұмсауға тиіс. Қа­зақ­стан­дық­тарда мұндай мүмкіндік жоқ. Олар ең­бекақыларының  30 пайы­­зын үй алу үшін жинайтын бол­­са, күнделікті өмірдегі шы­ғынын жа­­ба алмай қалады», – деді Уильям Зейтц.

Онысы рас, елімізде «былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өле­ді­нің» кебін киіп жүр­ген отбасы өте көп. Солардың бірі – ба­лабақша тәрбиешісі Тұр­­сы­най Жанаеваның отбасы. Бес жылдан бері пәтерден-пәтерге көшіп жүр­ген ке­ліншек баспананың жоқ­ты­ғы әбден қа­жытқанын айтты.

«Басыңда баспанаң болса, одан ас­қан ба­қыт жоқ сияқты. Қаншама жыл өзгелер­дің үйін паналап келе жат­қандықтан, үйі барларға қызыға да қызғана қараймын. Бізге баспана алу әзірге арман болып тұр. Жолдасым екеуіміздің тірнектеп жүріп тап­қанымыз пәтердің ақысынан, күн­­де­лікті ішіп-жемімізден артыл­май­­ды. Жол­дасымның айлығы еш­теңеге жетпеген соң, балам бір жасқа толмай жұмысқа шығуыма ту­ра келді. Жекеменшік балабақ­ша­да тәрбиешімін. Әлі тілі шықпаған кіші топ­тағы балаларға қарайтын­дық­­тан, қатты шаршаймын. Топ­та­ғы 16 балаға таңнан кешке дейін жал­­ғыз өзім қараймын. Арасында әлі бір жасқа толмаған, еңбектейтін сәбилер бар. Жұмыстан соң өз бала­ларыма қарайтын әлім болмай қа­лады. Сондағы ала­тыным – 100 мың теңге», – деп қын­жыл­­ды тәрбиеші. Жас­тарға арналған жал­да­малы тұр­ғын үй бағдарламасы жайлы айтып едік, ол туралы хабардар екенін, алай­­да өзінің де, жолдасы­ның да жа­сы 29-дан асып кеткендіктен бұл бағ­дар­ламаға үміткер бола алмай­ты­нын жеткізді.

Айлық аз, азық қымбат

«Жалақым аз». Сауалнамамызға қа­тысқан әрбір екінші адамның ау­з­ынан естігеніміз – осы. Бұған жы­лаңқылық немесе масылдық тү­сі­ніктің салдары деп айдар тағуға асық­­падық. Себебі қазақстан­дық­тар­дың көпшілігінің айлығы шай­лығына жетпейтінін Үкімет мүше­лер­інің өзі мойындайды. Мәселен, жуыр­да ел тұрғындарының зейне­т­а­қы жинақтарына түсетін қаржы көлемінің аз болу себебін түсіндір­ген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбе­тов қазақстандықтардың 50 пайыз­ға жуығының айлық жалақысы 100 мыңға жетпейтінін айтты.

«Зейнетақы қорларында қар­жы­ның аз болуына себептер өте көп.  Бі­рін­шіден, халық табысының аз­ды­ғы. Қазір ел бойынша орташа жа­лақы мөлшері – 182 мың теңге. Оның ішінде жұмыс істеушілердің 74 пайызы 181 мың теңгеден аз ай­лық алады. 50 пайызының айлық жа­лақысы тіпті 100 мың теңгеден де төмен. Сол себепті табыстың аз­ды­ғы зейнетақы жинақтарына да әсер етуде», – деді министр.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев­тың келтірген деректері тіпті алаң­да­тарлық. Мәжілістің жалпы оты­ры­сында атаулы әлеуметтік көмек алу­шылар санының көбеюіне жа­ла­қының аздығы себеп болғанын айт­­қан вице-премьер: «Елімізде жұ­­мыс істейтіндердің 53%-ның орта жалақысы 80 мың теңгеден ас­пайды», – деді. Соның салдарынан соң­ғы 2 жылда елімізде кедейлік ше­гіне шығу деңгейі 40 пайыздан 70 пайызға дейін көтерілгенін айтты.

Қазақстанда әлеуметтің әлеуе­ті төмендеп, қоғамды ке­дей­лік жайлап бара жатқанына «Ки­пр» талдау тобы жасаған сауал­на­ма нәтижесі көзімізді жеткізе түсті. Мамандар өз зерттеулерін Ста­тистика комитетінің ресми деректеріне сүйене отырып жасаған. Сауалнамаға еліміздің барлық облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында тұратын 12 мың адам қатысқан. Оның қорытындысы бойынша, қа­зақ­стандықтардың 58 пайызы «жа­ла­қыдан жалақыға дейін» өмір сүре­ді екен. Отандастарымыздың ба­сым бөлігінің айлық табысы бү­гінде – 50 мың мен 200 мың теңге ара­лы­ғында. Ал жалақының медиа­налық мөлшері 43 мың теңгені құрап отыр. Демек, халықтың тең жар­тысы бұл көрсеткіштен де аз та­быс табады деген сөз. Әсіресе, Түр­кістан, Қызылорда және Жамбыл облысы тұрғындарының күн­көрісі тым төмен деңгейде. Аталған өңір­лердегі отбасылардың дені көп­балалы болғандықтан, жан басына шаққандағы кіріс көлемі тіпті төмен.

Сарапшылар жүргізген сауалнама нәтижесінде, рес­пон­дент­тердің 11 пайызы азық-түлікке та­бысының төрттен бірін жұмсай­тынын айтқан. Ал 43 пайызы жала­қы­сының жартысынан көбін, тіпті тап­қан ақшасын түгел тамаққа шы­­ғындайтынын жеткізген. Ма­ман­­дардың айтуынша, бұл ха­лық­тың азық-түлік өнімдерін көп мөл­­шерде тұтынуынан емес, кері­сінше, қымбатшылықтың кесірінен болып отыр.

«Бұл теріс көрсеткіш. Дамыған ел­дерде азық-түлікке әдетте табыс­тың 15 пайызы ғана шығындалады. Егер азық-түлікке табыстың жартысы кететін болса, адамда киім алуға, ме­дициналық қызметтерді пай­да­лануға, ойын-сауыққа және өзге де қажеттіліктер үшін ақша қалмай­ды», – депті Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының са­рапшысы Камила Ковязина Informburo.kz порталына берген сұх­батында.

Демек, жалақысын айдың соңына дейін жеткізу үшін қа­ра­пайым қажеттіліктерден бас тар­туға мәжбүр болатын отбасы­лар­дың қатары арта түспек. Солар­дың бірі – Айдын Асаубайдың жа­н­ұя­сы. Ер азамат бола тұра, отба­сы­ның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауқарсыздығы үшін өзін айып­ты сезінетінін айтқан респондентіміз есімін өзгертіп беруімізді өтінді. Бұл жағдайда оның еркектігі емес, біздің елдігіміз сынға түсіп тұр­ғанын айттық. Содан кейін ғана Ай­дын өзін алаңдатқан мәселені ашыла айтты.

«Алматыда оқып, осы қалада өсіп-өнемін деп қалып қойған жас­тар­дың қатарынанмын. Үйлен­гені­ме төрт жылдан асты. Келіншегім екінші баламызды босанып, үйде отыр. Пәтер жалдап тұратын көп қа­зақ­тың біріміз. Мамандығым – эко­номист. Мамандық бойынша жұ­мыс табылмағандықтан, әзірге кү­зет компаниясында істеп жүрмін.  Күзетшілердің айлығы белгілі ғой. Жет­пейді. Қосымша табыс болсын, адам тасып ақша табайын деп несиеге бір ескілеу көлік алғам. Ескінің аты ескі екен, әр жері бір бұзылып, берекемізді кетірді. Тапқанымнан осы көлікке жұмсағаным көп болды ақыры. Ақшасыз қалған кей күндері үйде бір мезгіл ыстық тамақ пен нан­ның болғанына қуанамыз. Үл­кен балам есін біліп қалған. Тәтті­лер­ге, жемістерге құмар. Жұмыстан келсем, алдымнан жүгіріп шығады. Құр қол кіргеніме қысылып, өзімді әлем­дегі ең нашар әке сезінген күн­дерім көп. Аяғы ауыр кезде әйелім­нің жерік асын алып бере алмаға­ным үшін де өзімді ешқашан кешірмеймін», – дейді шарасыз азамат.

2017 жылдан бастап елімізде «қа­таң үнемдеу режимінде» өмір сү­ретін адамдардың үлесі 9 пайызға өсіп­ті. Көпшілігінің жылына кем де­генде бір рет үйден тыс жерде де­малып, достарымен мейрамханада немесе дәмханада кездесуіне мүм­кіндігі жоқ. Жұмыс пен үй ара­сында жүретін олар бос уақытын тек теледидар көруге ғана арнайды. Мамандар мұндай жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылардың өздерін тұрмыстық қажеттіліктерден шектеуі олардың балаларының дамуына теріс әсер етіп жатқанын айтады. Ең сорақысы, азық-түлікті үнемдеп тұтынатын кей отбасыларда ауру-сырқау көбейген. Әсіресе, балалар­дың, жүкті әйелдердің дәруменге бай тағамдарды тұтынбауының сал­дары түптеп келгенде ұлт сау­лы­ғына кері әсерін тигізуде.

Бесігі бос үй көбейді

«Бала сүюден басқа арманым жоқ». Жүрек шымырлатқан жауап­тың бірі – осы.  Бір ғана адамның мә­се­лесі емес, күллі қоғамның жан жа­расы болғандықтан, аттап кете алмадық. Асылында, ұлт туралы әңгі­ме ұрпақ туралы сөзден басталуы тиіс емес пе?!.

Ресми статистика Қазақстанда жаңадан отау құрған отбасы­лар­дың 15 пайызы бала сүюге қабі­летсіз екенін айтады. 4 жыл бұрын 7 мыңға жуық адам ұрпақсыз қалса, былтыр бұл көрсеткіш 8 мыңға жет­кен. Яғни, жыл сайын 350 адам бедеулік пен белсіздіктің шырмауына түсіп отыр деген сөз.

Репродуктолог-дәрігерлердің айтуынша, егер әйел мен еркек отбасын құрған соң бір жыл бойы бала көтере алмаса, бұл бедеу­лік болып саналады. Белгілі ғалым, репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарова баспасөзге берген сұхбаттарының бірінде өзінің алдына келген әйелдердің 80 пайызы кезінде түсік жасатқандар болып шыққанын айтқан еді. Яғни, жара­тылыстың берген сыйынан саналы түрде бас тартудың соңы осындай қасіретке әкеліп соғады.

Өкініштісі, өмірге ұрпақ әкелу­ді тек әйелдің міндеті деп білетіндер, баланың жоқтығына бас салып келіншектерді айыптайды. Шындығында, дүниеге дені сау, саналы баланың келуіне ерлердің де үлесі зор. Соны ескерместен, қоғамда ұрпақсыздықтың себебін алдымен нәзік жандылардан іздейтін сыңаржақ көзқарас бар. Алайда статистика әлемде, оның ішінде Қазақстанда да аталық ұрығы әлсіз жігіттер көбейгенін көрсетіп отыр. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Экомед» адам ұрпағын өрбіту орталығының медициналық директоры Алмас Ибрагимовтің айтуынша, елімізде бедеу әйелдер мен белсіз еркектер­дің үлесі бірдей. «Еркектің белсіздігі қазір әйелдердің бедеулігімен қатар тұр. Ал екеуінің де денсаулығының дімкәстігінен балалы болмау 30-40 пайызды құ­райды. Сондықтан біз ерлі-зайып­ты­ларды бірдей медици­на­лық тек­серуден өткіземіз. Алайда ер-аза­маттар тексерілуге онша құ­лық­ты емес. Көбі оны өздерінше на­мыс кө­реді. Тіпті еркектердің 60 пайыз­дан астамы дәрігерлерге жоламайды да», – дейді А.Ибрагимов.

Дәрігердің айтуынша, құрсақ кө­тере алмаған жағдайда кө­біне әйелдер медициналық ор­та­лықты жағалайды екен. Байғұс әйел қаншама тексеруден өтіп, бала үшін күрделі операциялар жасатуға мәж­бүр болады. Ақыр соңында, гәптің бәрі еркекте болып шыққан оқиға­лар жиі кездеседі екен. Жоғарыда біз­дің сауалнамамызға қатысқан рес­понденттің басында да дәл осын­дай жағдай. Жазғанымызды га­зеттен күйеуінің туыстары оқып қал­са, отбасымның шырқы бұзы­ла­ды деп қорыққан кейіпкеріміздің атын мүлдем атамауға, суретін жа­рия­ламауға келістік. Оқиғасын өзі баяндасын:

– Жолдасым екеуіміздің отау құр­ғанымызға күзде төрт жыл болады. Әлі күнге дейін бала сүйе ал­ма­дық. Тұрмыс құрған соң төрт-бес ай өтер-өтпестен айналамда­ғы­лар­дың бәрі «Жерік болып жүрген жоқ­сың ба?» деп әзіл-шынын ара­лас­­ты­рып, бала көтерген-көтер­мегенімді білуге асықты.   Қазақтың әдеті ғой, жастар үйленген соң балалы болғанша тыным бермейді. Бір жыл өтті, екі жыл өтті. «Қашан? Қа­шан?» деген сұрақтар толастамады. Бала көтере алмағаныма өзімді кінә­лап, ішқұса болып жүрсем, жа­ны ашығансып жұрт жарамды одан сайын тырнай берді. Қаралмаған дәрігерім, бармаған емшім қалмады. Денсаулығыңда кінәрат жоқ дейді бәрі. Әулие-әмбиелерді де тегіс араладым. Нәтиже жоқ. Сыртымнан енем мен абысындарымның сыбыр-күбірі көбейді. Күйеуімді ажырасуға үгіттеп жүргендерін бірнеше рет байқап қалып, өзіме қол жұмсағым келген сәттер де болды.

Дәрігерлер «жолдасыңыз да қа­ралуы тиіс» деп қанша айтса да, күйеуім естімегенсіп жүре беретін. Бір күні шыдамай: «Не сен дәрігерге қараласың, не екеуміз ажырасып, екі жаққа кетеміз» деп табандап тұрып алдым. Көзім жас­тан құрғамай жүретін кез еді. Мені аяды ма, әлде шынымен ажырасып ке­теміз деп қорықты ма – шартыма көн­ді. Барлық тексерістен өтті. Тек­серіс қорытындысы жолдасымның аталық ұрығы тым әлсіз екенін көрсетті. «Белсіздік» деген диагноз жа­зылған бір тілім қағазды құшақ­тап, үйімізге қайттық. Дәрігерлер та­ғайындаған ем-домды жасап көр­дік. Әзірге еш нәтиже болмай тұр. Үйі­міздегі бақытсыздыққа өзінің айып­ты екенін білгелі күйеуімнің ісі кері кетті. Әлі күнге дейін дәрі­гер­лердің қойған диагнозы жайлы туыстарымызға жақ ашқан емеспін. Барлығы бала сүйе алмауымызға мені кінәлі санайды. Мейлі, онсыз да еңсесі езіліп жүрген азаматымды жұрттың алдында аласартқым келмейді. Бір күні үйімізде сәбидің шат күлкісі естілеріне сенемін. Аллаға сыйынғаннан басқа қолымыздан келер шара болмай тұр…

«Балам үшін алаңдаймын…»

Әлеуметті алаңдататын тағы бір мәселе – бала қауіпсіздігі. Рес­понденттердің бірін балабақ­ша­ға баратын баласының амандығы алаңдатса, енді бірі мектепке кеткен перзентінің қауіпсіздігі үшін қам жейтіндерін айтты.

Бір жарым жастағы немересі же­кеменшік балабақшаға ба­ра­тын Жарғанғазы Орнықбекұлы оның жағдайына алаңдайтынын же­ткізді. «Өзіміз ауылда тұрамыз, ба­лалар Алматыда. Ұлым да, келінім де жұмыста болғандықтан, немеремді бір жастан асқанда балабақ­шаға берді. Қу тіршіліктің қамымен апасы екеуміз де жұмыстамыз. «Та­мағы тоқ, көйлегі көк, уайым­да­маңыздар!» деп балалар көңілімізді жайландырғанымен, апасы екеуіміз кішкентай балапанымыз үшін мазасызданамыз да отырамыз. Теледи­дардан түрлі оқиғаларды көреміз, тәр­биешілердің салғырттығы мен қатігездігінің кесірінен денсаулығы­на зақым келген, тіпті көз жұмған балалар жайлы естиміз. Балалар ты­ным­сыз келеді, шапшаң қозғала­ды. Жіті қадағаламасаң, жазым деген қас пен көздің арасында. Бала­бақ­шада бір бала емес, 10-20 бүл­дір­шінді бір мезетте игеру оңай шаруа емес. Олардың әрқайсысына ерекше на­зар керек. Физикалық тұрғыдан дамып келе жатқан шағында әрбір қимыл-қозғалысы, ішкен асы ба­қылауда болғаны жөн. Қазір ақша табамыз деп жанталасып жүріп, ең басты байлығымызды, бола­шағы­мыз­ды бөтеннің бақылауына беріп қой­ғанымыз қынжылтады», – дейді не­мересі үшін қам жеген азамат.

Ал әріптесіміз, белгілі журналист Жұлдыз Әбділдә мек­теп­тегі әлімжеттік мәселесіне алаң­дайтынын жеткізді.

«Кез келген мәселемен бетпе-бет кел­мейінше, ондай проблема бар екенін білмей де жүре береді екенбіз. Әр ата-ана баласымен сөйлессе, баласына басқаларды кемсітуге бол­майтынын, өзінен әлсізге күш көрсетуге болмайтынын түсіндірсе деген тілек айтқым келеді. Әркімге өзі­нің баласы ақылды, тәрбиелі бо­лып көрінеді. Кей ата-ана бала­сы­ның кемшілігін мойындағысы кел­мейді. Тіпті, өз перзентінің бас­қалардан үстем болуын артық­шы­лық деп бағалайды. Бала басқа ба­ладан тек білімімен, тәрбиесімен ғана артық бола алады деп ойлаймын.

Бұл мәселені көтеруіме себеп болған жайтқа тоқталайын. Қы­зымның сыныбында бір қыз бала спортпен айналысатын. Әрине, спортпен айналысқаны жақсы. Оның үстіне жетістіктері де көп-ақ. Бі­рақ өкініштісі, «өнерін» тек спорт зал­да ғана емес, сыныпта да көр­сетуге құмар. Қыз демей, ұл демей күш көрсету, балаларға түрлі жолмен қысым жасау… Сосын, «менің ба­лама тиіспесе болды, басқаларға не болса, ол болсын» деген көзқарас дұрыс емес. Психологтар буллингте үш тарап бар дейді: жәбірлеуші, жә­бірленуші және бақылаушы тарап. Бұлардың үшеуімен де жұмыс істеу керек. Мектеп психологтары осы мәселеге көбірек көңіл бөлсе дегенді айтқым келеді. Біздің мектебіміз­де мектеп басшылары дер кезінде шара қолданып, назар аударып, мә­селе шешілді. Ал тағы қанша мек­тепте мұндай жағдай болып жат­қа­нын кім білсін?.. Мені қазір осы мә­селе көбірек мазалап жүр», – дейді журналист.

Қоғамды алаңдатқан әлеуметтік мәселелер мұнымен шектелмейді.  Құлақ түрсең, әркімнің мұң-мұқтажы бар. Біз көпті мазалаған өзектілеріне, жедел шешімін күткен күрделілеріне тоқталдық. Қай мәселеге үңілсең де, түйіні мемлекеттік деңгейдегі қолдауға, бақылауға келіп тіреледі. Алайда мемлекет басындағылардың қол қусырып отырмағаны, бұл мәселелердің бәрінен хабардар екені аян. Егер Үкімет ұсынған шешімдер нысанасына тимей жатса, қазақы қалыппен бас салып мергеннің қырағылығын сынай жөнелмей, жолдағы кедергілерді  де ескерген жөн. Кедергіні тудыратын – сіз бен біздің немқұрайлығымыз, жалқаулығымыз, кертартпалығымыз. Білімсіздігіміз де бар. Қоғамның дертін емдеу өз ауруымыздан айығудан басталатынын ұмытпайық.  

Редакция таңдауы

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 14-15 мамыр күндері  «Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасын қойды. Туынды авторы –...

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Өз ұлтын шексіз сүйген оғлан атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының...

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде білдірген алғашқы пікір одан бетер жаныңа ыстық. Қара ормандай қаптаған оқырман түгіл,...

Тағзым мен тағылым ордасы

Еліміздегі техникалық жабдықтамасы озық музей­лер­дің бірі – Әскери-тарихи музейі. Ондағы экс­по­зициялар келген туристерді таң-тамаша қалдырады. Өйткені мұнда түрлі дәуірлердің тарихынан сыр шертетін әс­кери жәдігерлер...
photo 81881

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының...
2021051716104282653 2021051715443670077 1a49b9dc4ef7683d9c1a

Автомобильдерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат...
186861320 978957252643477 8102261037098391248 n 1

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры...

Жаңалықтар

19 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар тізбегі

1995 жылы 19 мамырда Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев банкнот фабрикасының ашылуына қатысты. Банкнота фабрикасы жалған ақша белгілерінен қорғайтын, көркем және полиграфиялық өнімді жоғары деңгейде...

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 2018 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 264, Алматы қаласы - 525, Шымкент қаласы - 81,...

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

19 мамырда Қазақстанның барлық аймағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Қазгидромет cиноптиктерінің болжауынша, кей жерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал,...

Қапшағайда мемлекеттік қызметкер 43 млн теңгені қолды қылған

Қапшағайда есеп айырысу орталығының басшысы 43 миллион теңгені қолды қылды деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды taldykorganec.insta парақшасы. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық...

Студенттерге стипендия бюджеттен тікелей аударылады

Бакалавриат, магистратура және докторантура бөлімінде грантта оқитын студенттердің стипендиясы тікелей карта шоттарына түсетін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің Facebook-тегі...

Жылы дәретханаларды «музей» көріп отырғандар бар – министр мектептерді сынады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағаметов жылы дәретханалардың жұмыс істеуін қадағалауды тапсырды. «Ешкімді алдаудың қажеті жоқ. Жылы дәретхананы орнатқанымен, оны музей сияқты қастерлеп, жабық ұстайтын...

БҚО-да киіктерді тірідей көмген әкімдік қызметкерлері жазаланады – министрлік

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстанда оқыстан мерт болған киіктердің ұшаларын жою кезінде тірі қалған...

Мектеп мұғалімдерін мәжбүрлі жұмысқа тартқан директорға шара қолданылды

Атырауда мектеп мұғалімдерін кәсіптік міндетіне жатпайтын жұмысқа тартқан директор жазаланды. Бұған дейін әлеуметтік желіде М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің директоры педагогтерді кәсіптік міндетіне қатысы жоқ...

Пандемия: 42 пойыздың қозғалысы уақытша тоқтады

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында елдегі 156 пойыздың 42-і қозғалысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлімдеді. Ресми ақпарат бойынша, тоқтатылған пойыздардың...

Түркістан облысы әкімінің орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді. «Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің...

«Nur Otan» Айда Балаеваға анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында қайтыс болды. "Nur Otan" партиясы Орталық аппаратының ұжымы министр Балаева Аида Ғалымқызына,...

Елордада қай жерлерде шомылуға рұқсат берілді – ТЖД жауабы

Нұр-Сұлтан қаласында халық суға түсетін 23 орынның үшеуінде ғана шомылуға ресми рұқсат берілген. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. «Статистика бойынша, қазіргі уақытта судан қаза...

Бос жұмыс орны: Алматыда қоғамдық көлікке 800 жүргізуші қажет

Қазір қаладағы қоғамдық көліктерге шамамен 800 жүргізуші жетпейді. «Алматыда 800 жүргізуші тапшы. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жетіспеушілігін болдырмау үшін тасымалдаушылар жүргізушілерге жағдай жасауы қажет (облыста тұратын...

Көкшетауда 12 жастағы бала жүргізген көлік апатқа ұшырады

Көкшетауда көлік жүргізген 12 жасар бала жол-көлік апатына түсті, деп хабарлады  Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі. «17 мамырда кешкі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының 50...

Анасы қылмысты жасырған: 8 жасынан бері зорланып келген қызға қатысты іс қозғалды

Алматы облысының тұрғыны немере қарындасын 8 жасынан бері зорлап келген деп айыпталды, ал қыздың анасы бәрін білген, бірақ жасыруға тырысқан. Әлеуметтік желі қолданушысы Андрей...

«Сергектің» айыппұлын жойып беремін»: жарнама берген адам ұсталды

Әлеуметтік желіде «Сергектің» айыппұлын жойып беремін деген жарнама пайда болған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексерді. «Нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып,...

Карантин: елімізден 13 мемлекетке әуе рейсі орындалады

Қазақстаннан халықаралық бағыттар бойынша аптасына 13 елге 40 бағыт бойынша 117 тұрақты әуе рейстері орындалады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналындағы мәліметке...

Шөкеевтің орынбасары қамауға алынды

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің парамен ұсталғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп...

Аида Балаеваның анасы дүние салды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, еңбек сіңірген мұғалім Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында өмірден өтті, бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму...

Әсел Айтпаеваның ісі: Тағы екі қыз адам саудасының құрбаны бола жаздаған

Тағы екі қыз адам саудалады деген күдікке ілінген Әсел Айтпаеваның жездесінің құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды BaigeNews.kz Astana TV-ге сілтеме жасай отырып. Бұл туралы...

28 мамырдан бастап чек берілмегенін хабарлағандарға сыйақы беріледі

Үкімет төлем қабылдауға арналған құрылғыны пайдалану ережелерін бұзу фактілері туралы хабарлайтындарға сыйақы төлеу туралы ереже бекітті, деп хабарлайды zakon.kz. Ережеге сәйкес, сауда орындарында чек берілмегені,...

«Сатпас бұрын бюджет ақшасына күрделі жөндеу жүргізген». Түркістан қаласының әкімдігінің ғимараты арзанға сатылып кеткен

Түркістан қаласы әкімдігінің қызметкерлері отырған ғимаратты қала басшылығы нарықтағы құнынан әлдеқайда арзан бағаға сатып жіберген. Оған қоса, әкімдік ғимаратты сатпас бұрын бюджеттің ақшасына оны...

18 мамыр қандай оқиғалармен есте қалды?

1992 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапармен барды; 1996 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақын Олжас Сүлейменовке "Қазақстанның...

Мамин вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімін нақтылауды тапсырды

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, қазір коронавирус жұқтыру деңгейі төмендегені байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Дегенмен, "қызыл аймақта" 6 өңір тұр: Нұр-сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды,...

Ресейде ешкілердің сұлулық байқауы өтті

Ресейдегі Удмуртия республикасында ешкілердің сұлулық байқауы өтті. Байқауда ең әдемі жануар анықталды. Иелері ешкілерге көйлектер мен белдемшелер кигізіп, көзілдірік тағып қойған. Шартқа сәйкес, иелері жануарлармен бірге...

Өткен тәулікте 1 837 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте елімізде 1 837 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-сұлтан қаласы - 251, Алматы қаласы - 520, Шымкент қаласы...

Қостанай облысында тағы бір ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына барды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. Сапарда әкім Сорочинка ауылындағы су тарату желісінің Лихачев топтық су құбырына қосылуымен...

ШҚО-да арықтан екі баланың денесі табылды

ШҚО Үржар ауданы Елтай ауылында арықтан 3 жастағы 2 баланың денесі табылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" altaynews.kz-ке сілтеме жасап. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,...

Алексей Цой 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін салдырды

Министр өзін жақсы сезінетінін, ешқандай реакция болмағанын айтты, - деп хабарлайды Orda.kz. Ол QazVac препаратының бірінші компонентін 26 сәуірде алған болатын. Сондай-ақ, білім министрі Асхат Аймағамбетов...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері мемлекеттік органның...

Автомобильдерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және...

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бұл туралы KAZNEWS порталды хабарлады. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең жас крипто-валюта миллиардері...

Аида Балаева киносыншыларды ынтымақтастыққа шақырды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. А.Балаева министрлік телехикаялар өндірісі бойынша сметалық қаржыландыру...

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 14-15 мамыр күндері  «Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасын қойды. Туынды авторы –...

Түріктерді мақтаған Қыдырәлі мен Қарақат елдің сынына қалды

Қыдырәлі мен Қарақат түріктерді мақтап, желі қолданушыларының сынына қалды, - деп хабарлайды oinet.kz. - Жақтырмай қараған бірде-бір түрік көрмедік. Ашуланып, қабағын түйіп, менсінбей қараған түрік...

Алматыда белгісіз біреулер Қонаевтың портреті салынған муралды бүлдіріп кеткен

Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаевтың портреті салынған муралды бүлдіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысының суреті төрт жыл бұрын №3...

ІІМ мектепке апаруға болмайтын заттардың тізімін жасады

Ішкі істер министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына апаруға болмайтын заттардың тізімін жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Жыл басында Министрлік Білім және ғылым...

Үндістандағы індет Ресейге жетті

Ресейде "Қара зең" инфекциясы, мукормикоз тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Известия басылымына сілтеме жасай отырып. Басылымның ақпаратына сәйкес, бұл инфекция мұрынға, көзге және тыныс алу жүйесіне...

Маусым айынан бастап 6 мың шақырымға жуық автожол ақылы болады

Маусым айынан бастап елімізде жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым автожолдардың 18 ақылы учаскесі енгізіледі, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ баспасөз қызметі. Соның ішінде мына жолдар ақылы...

Еліміздің үш аймағында аптап ыстық болады

Елімізде солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. Тек солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей...

Сәуірде қазақстандықтар 94 килограмнан астам алтын құйма сатып алған

2021 жылғы сәуірде қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 94,5 кг құйма алтын сатып алған, бұл туралы Kapital.kz...

Мектептерге арнайы күзет қойылмақ

Еліміздегі білім беру мекемелері арнайы күзеттің бақылауында болады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Білім беру ұйымдарының объектілері...

Алматыдағы сауда орталығының жанынан 49 жастағы ер адамның денесі табылды

Ер адамның мәйіті Наурызбай ауданында орналасқан "Апорт" сауда-ойын-сауық орталығы маңынан табылды, деп хабарлайды АА NewTimes.kz. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам кісі қолынан қаза тапқан. Оқиға...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы туралы мәлімет берілді. Tengrinews.kz сайтының жазуынша,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері –мемлекеттік...

«Президенттің әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған» – Берік Уәли

Мемлекет басшысының Баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні қалай өтетіні туралы сауалдарға жауап берді. «Бүгін азаннан бері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері...

Алаяқтық жасап, Америкаға қашып кеткен үш қазақстандық ұсталды

Америкаға бой тасалаған Қазақстанның үш азаматы ұсталып, елге жеткізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. «Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық...

«URKER-2021»: өтінім қабылдау басталды

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2021» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар,...

МҚІА Президент сынға алған шенеуніктің қайта қызметке тағайындалуын түсіндірді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) Сайранбек Бармақовтың қайтадан қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, шенеунік Автомобиль жолдары комитеті төрағасы қызметінен өз қалауы бойынша...

Бағалау матрицасы: «қызыл» аймақтағы өңірлер саны азаяр емес

Коронавирус ахуалына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 17 мамырдағы жағдай бойынша: «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды...

Ақтаудағы хайуанаттар бағында жануарларды өлтіріп, торға салып қойған

Ақтаудағы хайуанаттар бағына келушілер өліп қалған қояндарды көріп, видеоға түсіріп алған. Олар зообақта бұдан өзге тасбақалар мен аламандар да өліп жатқанын айтады, – деп...

1 қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақты өткізу...

Үш айда елімізден 5,5 мың адам көшіп кеткен

Биылғы үш айда тұрақты тұру үшін Қазақстанға 2 мың адам келсе, көшіп-кеткендер саны – 5,5 мың адам. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық...

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы халық саны 18 млн 940 мың 400 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі...

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус жұқтыпғаны расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 549 Алматы қаласы - 284 Шымкент қаласы -...

17 мамыр: атаулы күндер һәм маңызды оқиғалар

1936 жылы 17 мамырда Мәскеуде алғаш рет қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігі өткізілді. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияда Қазақстанның елшілігін ашу...

Мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты

Ауғанстан астанасындағы мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты. Қанды шабуылға байланысты жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алмаған. TOLOnews мәліметінше, оқиға Кабул қаласының солтүстігінде орналасқан Шакар-Дара ауданындағы...

Батыс Қазақстанда полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Орал-Тасқала жолында...

Шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогының жеңімпазы анықталды

  Шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогының жеңімпазы анықталды. «Есіл» әуесқой командасы шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогын иеленді. Команда финалда «Qurman» командасынан басым түсті. Негізгі және қосымша...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өткен аптада еліміздің бірқатар өңірінде кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат 10-16 мамыр аралығындағы тағайындауларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орталық мемлекеттік органдардардан бастасақ, ҚР Үкіметінің қаулысымен...

Исландияда жаңа оянған жанартау сатылып жатыр

Исландияда наурыз айының соңында оянған Фаградальсфьядль жанартауы тұрған жердің иесі жер телімін вулканымен қоса сатуға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап. Жер телімі...

Мальдивте коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр

Мальдивте індеттің таралуы бәсеңдемей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Аралды елде күн сайын мыңға жуық адамнан вирус анықталып жатыр. Жергілікті билік жұқпалы кеселдің өршуіне...

Алматыдан 352 шақырым қашықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр күні 22 сағат 45 минутта жер сілкінісін тіркеді. «Зілзала ошағы...

Хоккейден Қазақстан құрамасының бір ойыншысы коронавирус жұқтырды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының бір өкілінен коронавирус анықталды. Осыған байланысты бүгін қазақстандық спортшылар Беларусь құрамасымен жолдастық кездесуге шықпайды. Бұл ойын...

Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Қазақстанда аптап, найзағай болып, бұршақ жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. 17 мамырда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады, шығыстан соғатын желдің күші секундына...

17 мамырдан бастап 14 күн оқшаулану міндеттеледі – Бас санитар дәрігер

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойды. «Облыстардың, Алматы,...

«Ирина Қайратовна» тобымен аттас әйел өнер ұжымына алғыс айтты (видео)

«Ирина Қайратовна» атты топтың мүшелері өнер ұжымының неге бұлай аталатынын айтты. Ал "Қызық LIVE" телебағдарламасына арнайы келген Ирина Қайратқызы есімді әйел танымал топпен аттас...

Головкин ең үздік боксшылар рейтингінде Мұхаммед Әлиді басып озды

Boxrec.com салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) ең үздік боксшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды Sports.kz. Америкалық Флойд Мейвезер бокс тарихындағы ең үздігі деп танылды. Екінші орынды Эззард...

«Үйімді сағынып кеттім». Алматы облысында әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

Алматы облысында әскерден қашып кеткен қатардағы жауынгер ұсталды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы үйін сағынғандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірген. Қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев 16 мамыр түнгі...

Қызылордада 24 жастағы жігіт катамараннан көлге құлап қайтыс болды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында катамараннан Ханқожа көлінен құлап кеткен жігіт қайтыс болды. ҚазАқпараттың жазуынша, оқиға Шиелі ауданына қарасты Бәйгеқұм елді мекені тұсындағы Ханқожа көлінде болды....

Қытайда коронавирустың қайта өрши бастағаны тұрғындар арасында дүрбелең туғызды

Қытайдың Аньхой және Ляонин процинцияларында COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, коронавирусқа қарсы жаппай екпе салғызуына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат...

Новосібірде қабір қазудан чемпионат өтті (видео)

Новосібірде қабір қазудан жарыс өтті. Шарт бойынша, қатысушылар тереңдігі екі метрге жуық қабір қазуы керек. Қазылар алқасы қазу жылдамдығын, сапасын және техникасын бағалады. Қабірлердің мөлшерін тексеру...

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның жездесі ұсталды

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті ретінде оның жездесі ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды polisia.kz. Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан А.Айтпаеваның...

Қазақ дроны сынақтан өтті

Бүгінде әлемдегі әскери күштердің басты қаруының бірі - ұшқышсыз ұшатын құралдар болып отырған кезде өз қарулы күштерін осындай құралдармен жабдықтауды өз алдарына басты мақсат...

Өзбек әншісі Юлдуз Усманованың Израиль туралы айтқанына қатаң жауап берілді

Осы аптада Израиль мен Палестинаның бір-біріне оқ жаудырғаны белгілі. Соған байланысты әлемнің түкпір-түкпірінде бұл оқиғаға баға беріп, пікір айтып жатқандар көп. Міне осындай кезде...

«Ата-аналары алаяқты тәрбиелеген» деп полицияның намысына тигені үшін 20 күнге қамалды

Алматы облысында полицейлердің ар-намысына әлеуметтік желі арқылы нұқсан келтірген азамат 20 күнге қамалды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамыр күні Талдықорғандағы мамандандырылған...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның ісін Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі бақылауға алды

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваға қатысты істі өз бақылауына алды, деп хабарлайды «Хабар 24». Эльвира Әзимова қайғылы жағдайда қызынан...

Жеңіс Қасымбек биыл Қарағандыда кімдерге пәтер берілетінін айтты

Қарағанды обысының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл өңірде үй кезегінде тұрған азаматтарға 250 пәтер берілетінін Facebook-тегі парақшасында жазды. «Бүгін жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барып, онда...

«Бүркітке тұрмысқа шығар алдында, Исламды қабылдап, Аиша атандым» – танымал өнер жұбы сырын айтты

Бүркіт пен Аиша Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатта бұрын айтылмаған сырларымен бөлісті. Сұхбат барысында Аиша Ислам дініне қалай бет бұрғанын айтты. Stan.kz сайтының жазуынша, Аиша...

Бір өңірде карантин 30 мамырға дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды облыстық ССК ресми сайты. Құжаттың мәтініне сәйкес, ШҚО-да карантин...

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікке ілінді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды. Ақпаратты экс-министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеев растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Адвокаттың айтуынша, 11...

Air Astana: Әуе билеттері 50 пайыз жеңілдікпен сатылады

14-16 мамыр аралығында Air Astana әуе компаниясынан 50% жеңілдікпен Батуми, Бішкек, Душанбе, Киев, Ташкент, Тбилиси және Франкфурт қалаларына билет сатып алуға болады. Air Astana авиакомпаниясы...

Сәкен Майғазиев 91 тобының экс-солисі мен Ерке Есмаханның некелескеніне қатысты пікір айтты

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан некелесіп, ерлі-зайыпты атанды. Бірақ бұл жаңалықты екеуі де жария еткен жоқ. Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарамасында айтылды, - деп хабарлайды stan.kz. Ерке жолдасынан...

«Америка үшін ұлы күн». Байден көпшілік алдында маскасын шешті

АҚШ президенті Джо Байден маскасын шешіп, бүгінгі күнді Америка үшін ұлы күн деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып. АҚШ ауруларды бақылау...

Еліміздің кей аймақтарында 39 градус ыстық болады

Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып. 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі....

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжат жеткізу қызметі іске қосылды

"Азаматтарға арналған үкімет" Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды holanews.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сервисте 144 қызмет бар,...

Зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңге болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері базалық зейнетақыны төлеуге 274,2 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлердің...

Еліміздегі «еститін» министрліктердің рейтингі жарияланды

Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын ұстанатын министрліктердің рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды...

ҰБТ-да 137 балл жинаған түлек мұғалім болуды армандайтынын айтты

"Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды қадам. Дегенмен, негізгі мақсат – ҰБТ-ны жақсы тапсыру ғана емес, бастысы – өмірде өз орныңды тауып,...

«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында журналист, телепродюсер, PhD докторы, көпбалалы ана Алма Сайлауқызының «Бақытты келіншек» кітабының тұсаукесері болып өтті. Деректі-мотивация жанрында жазылған бұл бірегей туындының тұсаукесері...

«Басын аялдамаға ұрған». Алматы облысында жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққан әйелдер іздестіріліп жатыр

13 мамыр күні кешқұрым Алматы маңында 16 жастағы қызды екі ересек әйел ұрып-соққан, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Оқиға сағат 18:35 шамасында Боралдай кентінде Космонавттар көшесіндегі...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаевамен қоштасуға бүкіл ауыл жиналды

Грузия астанасында қайтыс болған 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі жер қойнына берілді.  Оны ақтық сапарға шығарып салуға бүкіл ауыл тұрғындары келді, деп хабарлайды КТК. Басқа...

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету туралы өтініш беретінін айтты. Бұл туралы ол 14 мамырда өткен баспасөз...

60 млн теңге пара алған Антикор қызметкері 12 жылға сотталды

Антикор қызметкері 12 жылға сотталды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме...

Үндістан Қазақстанның гуманитарлық көмегін алды

Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек ретінде жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Жүк рейсі Делиге 14 мамырда...

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды echo.msk.ru. Аукционды "Кристи" аукцион үйі өткізді. Сауда-саттық басталар алдында сарапшылар "Терезе алдында отырған әйел"...

Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздар іске қосылатынын мәлімдеді. 17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан – тақ күндері,...

Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық – министр

Токиода өтуі тиіс жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің спортшылары спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінге дейін 53 лицензия жеңіп...

Алматыда көлікпен жарысқан жастарға 1,6 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған жүргізушілерге 1,6 млн теңге айыппұл салынды. Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, мұндай жарыстарды көбіне жастар ұйымдастырады. «Жастар қауіп төндіріп,...

Коронавирус: ғалымдар мұрынға себетін вакцина қашан тіркелетінін айтты

Ресейдің Гамалея орталығының ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы мұрынға себілетін вакцина 2021 жылдың соңында – 2022 жылдың басында клиникалық зерттеуге шығарылады. Орталық директоры Александр Гинцбург препарат...

«Ректорлар тізімі»: министр докторантураға түсу мәселесі туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде өтетінін айтты. «Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде...