Адамның бүкіл ғұмыры сағыныштан тұрады

Нұрасы мен Ақсуы жарыса аққан осынау ауыл бала кезімнен көз алдымда. Әсіресе, ауыл шетіндегі, ең биік қыр басында тұрған Хамза ақсақалдың қараша үйі… Сол босағада бұлаңдап өскен шал мен кемпірдің жалғыз қызы, жуан қос бұрымы тілерсегіне соғылып, әдемі  бота көздері жылылық шашып тұратын сұлу бойжеткен көп жігіттің арманына айналғанына да куәміз.

Кейіннен онжылдықты біті­ріп, арман қуып әсем астана­мызға кел­генде де, дәл сол көрініс көл­бең­деп алдымыздан шықты. Бала кезімізде аудандық, облыстық газет беттерінен үнемі көріп, іздеп, оқып жүретін осы бір аяулы жан­ның арман ар­қалап, университет та­­балдырығын аттағанда алды­мыз­дан жарқ ете қалуы, әрине, бала қиял жақсы бір ырымға балап, қа­наттана түскеніміз бар.

– Ой, Аюлыдағы кішкентай тіл­ші қыз сен бе едің? – де­генде жылап жіберуге шақ қал­­ға­ным да әлі есімде. Содан бас­­тап, журналист маман­ды­ғына деген құш­тарлы­ғымыз, бала махаббатыма айнал­ған ұлы құмарлық өз дегеніне жеткенше, арагідік болса да осы бір мі­незі жұмсақ, жүрегі жы­лы жан­мен сыйласып келе жат­­қа­ны­мыз да бір бақыт. Оның жө­ні де бар еді.

Бүгінде «Қазаны мен қаламын қа­­тар ұстап» келе жатқан Клара Хам­­зақызы, бүкіл қазақтілді ақ­па­рат құралдарының абыз атасына, ақсақалына айналған Намазалы Омашұлының жары, сол әулет­тің ибалы келіні ғана емес, ақыл­ман ене, мейірімді әже. Өз ба­сым аса қадір тұтатын, үлгі тұ­та­тын ұстаз.

Әдеттегі мақсат – еліміздің әде­­биеті мен мәдениетінде, өне­рін­­де, сөз өнерінде зиялы мінезімен, қарымды қаламгерлігімен, ұла­ғатты ұстаздығымен абырой бе­­­лесінде келе жатқан азамат­тар­дың жарынан сұхбат алу дәс­түрі­нің тізгінін осы бір отбасына қа­рай бұрғанды жөн санадық.

– Клара Хамзақызы, сонау жетпісінші жылдардың орта тұсы мен сексенінші жылдардан бері қарай қазақ басылым­да­рында қызмет етіп келе жат­қандар арасында профессор Намазалы Омашұлының есі­мі өте сыйлы. Сіздің арала­рыңыз­дағы сый қалай басталып еді?

– Қазақ жастарының көпшілігі оқушы, мектеп қабырғасында жүр­ген кезінен-ақ Алматыдай әсем қалада оқымақ түгілі, жазғы де­малыс кездерінде келіп қы­дыру­ды армандамаған бала болмаған шы­ғар әсте. Мен де Шет ауданы­ның орталығы Ақсу-Аюлы ауы­лын­дағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте оқып жүріп, бала кезден арман болған журналист мамандығын қаладым. Аңсарым – Алматы болды. Өйткені жур­налис­тика факультеті қазіргідей емес, жалғыз КазГу-де ғана. Қазақ әде­биетінің классикалық шы­ғар­маларын, аңыздарын, ақындары­ның жыр-поэмаларын жаттап, со­лар сынды қаламгер болсам деп ар­мандадым. Жергілікті, облыс­тық газеттерде мектеп өмірінен хабар-жаңалықтар жазып жүріп, одан сайын жаныма жақын тарт­тым. Қыз-келіншектер өмірінен, адами тірліктен көп мағлұмат бе­ріп, жақсы дүниелермен шығып тұратын «Мәдениет және тұрмыс» деген журнал болды, соған жария­ланып тұратын. Менен екі жыл бұрын мектеп бітіріп, Алматыға кет­кен ақшатаулық бір қызбен хат жазысып, араласып тұра­тын­мын. Сол арқылы журналистикаға байланысты біраз кітаптар алдырып оқып, өзімше «дайын журналист» секілді кеудеме нан пісіп жүр­ген сәттер ғой. Кейін жур­на­лис­тика теориясынан дәріс оқы­ған ұстазымыз Тауман Аман­до­сов­тың осы аттас кітабын да то­ғы­зыншы сыныпта оқып шықтым. Сөй­тіп жүріп, мектеп бітірдік. Жақ­сы оқыдым. Күміс медальмен бі­ті­ріп, Алматыға тарттым ғой. Әкемнің жалғыз қызымын, еркемін. Небәрі он алтыдамын. Сон­дық­тан әкем жібергісі келмеді, сол оқуың мына Қарағандыда жоқ па, жақын жерде оқығаның оң болар еді деп қарсылық білдірді. «Ондай оқу Қарағандыда жоқ» деймін ғой, «Ол ненің оқуы сонша?» деп ол кісі де болмайды. Жібергісі жоқ. «Корреспондент боламын» деп қоямын.

Бұл 1969 жыл. Армандаған оқуы­ма қабылдандым. Ол кезде жоғары оқу орнына қабылданған студенттер тамыз-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы жұмы­сына аттанып жатады. Біз де уни­верситет жанына жиналып, ша­ғын автобусқа жайғаса бас­та­дық. Кураторымыз, марқұм Әбіл­файыз Ыдырысов, ол кісіні зайыбы Заря апамыз шығарып салып тұрды. Оқуға қабылданған елу баланың оны – қыз. Әлі танысып та үлгермегенбіз. Пысықтаулар әң­гімеге кірісіп кеткен. Мен оңа­шалау жерге жайғасып, өзіммен өзім отырдым. Томаға тұйықтау болдым. Бәріміз түгел емес секілдіміз, біреуді күтіп тұрған болуымыз керек. Жүретін түрі жоқ. Жүр­гізуші де, ағайымыз да алақ­тап, жан-жағына қарап елеңдеп тұр. Бір кезде мойнында гитарасы бар, шашын тықырлап алдырып тас­таған бір бала жүгіріп келіп авто­бус­қа кірді. Сөйтсек, сол студентті күт­кен екенбіз. Ағаларыңды ал­ғаш рет осылай көрдім.

– Сонымен…

– Алматы облысы Панфилов ауданына қарасты Пенжім деген жерге жүгері теруге кеттік. Алғаш­қы күні демалдық та, таңертең тек­серіс-таныстық басталды. Бәрі­мізді аты-жөнімізбен атап, алға бір қадам шығамыз да, орнымызға тұрамыз. Мен де орныма тұра бер­генімде әлгі бала жетіп келіп: «Сен тарих пәнінен құлап қалып едің ғой, қалай оқуға түстің?» демесі бар ма?.. «Қалай түскені несі, кә­дім­гідей түстім». «Жоқ, сен тарихтан құлап қалғансың, менің алдымда отырып жауап бергенсің» деп болмайды. Мен де «Жоқ, құла­ғаным жоқ, мен тарихтан төртке жауап бердім» деп болмаймын. Содан әлгі жерде өзімнің емтихандарды жақсы тапсырғанымды, оқу­ға өз күшіммен түскенімді дә­­­лелдей алмай, әбден жылағым келіп, ыза болдым. Тіпті, ыза бол­ға­ным сонша көзімнен жас та шықпайды, жылай да алмаймын. Осы әңгімеден кейін әлгі баланы қа­раптан-қарап тиіскені үшін, мақ­таншақтық танытқаны үшін жек көріп кеттім. Бекерден-бекер ке­ліп «ұрынғаны» үшін жек көр­дім.

Кейін айтады ғой, сол кезде Қарқаралыдан Райхан Нұршина деген қыз да құжаттарын тапсырып, ем­тиханнан құлап кеткен еді, мені сонымен шатастырыпты. Біз­дің жақта тегіміз «иналармен» аяқталатын болғандықтан, шатас­тырса керек. Оның үстіне түрі­міз­де де ұқсастық болған болуы ке­рек. Сабақ басталған соң ол топ­тың старостасы, мен комсорг бо­лып, бір топта оқыдық. Бірге оқы­ған соң, түрлі студенттік жиын­дарға бірге барамыз дегендей, оның үстіне өте өткір, сым­бат­ты, талғаммен киінетін сәнқой болды. Сабақ үлгерімі өте жақсы, ұйымдастырушылық қабілеті де, му­зыкадан да құралақан емес, дом­быра мен гитараның құлағын­да ойнайды, ән салатыны тағы бар. Қойшы, әйтеуір, көпшіліктің көзі мен құлағында жүрген осы бір жігітпен арамызда әдемі бір сезімнің қалай басталғанын да білмеймін, бір-бірімізсіз өмір сүре алмайтын жағдайға жеттік.  Шаңы­рақ көтерген жастардың бәрі ол кезде комсомолдық той жа­сайды, біз де осылай отау құр­дық. Сол жылы Алматыдағы Неке сарайы жаңадан ашылған. Бас қосып жатқан жастардың көптігі сон­ша, кезегіміз 22 наурызға қойыл­ды. Шағын ғана, қазіргідей аста-төк заман да емес қой. Бүгін­де Жандосов пен Розыба­киевтің қиылысындағы мешіттің орнында кішігірім мейрамхана болатын-ды. Ұстаздарымыз, бірге оқыған жол­дастар бар, ауылдан келген бі­рен-саран ағайындар бас қосып, атап өттік. Ол 1972 жылдың басы, 3 курс басталған жыл еді.

Тұңғышымыз Қарлығаш әке­сінің аузынан түсіп қалғандай, әдемі еді. Студентпіз, пәтер жалдап тұрамыз. Оның үстіне жаспын, он тоғыз жастамын, төсімнен онша сүт те шықпайды, содан ауыл­ға, Меркі ауданының Ойтал ауы­лында тұратын енеме апарып тастадық. Жастықпен қалай болса, солай жүрдім бе, білмеймін, содан қатты ауырып, оқу да, бала да жайы­на қалды да, ұзақ уақыт ауру­хана­да жаттым. Одан кейін де ем­деліп жүріп алдым. Қызымды қат­ты сағынамын, жылаймын, көр­гім келеді. Ол кезде телефон да жоқ, ұзақ-сонар хат жазамын. Бір­де енем баланы жылылап орап алып, аудан орталығындағы са­лон­ға барып, кішкентайды суретке түсіріп салып жібергені бар. Өкі­нішке қарай, әкесі екеумізге тұңғышымызды құшағымызға алып, қызықтауды жазбапты. Сегіз айлық кезінде көз тиіп шетінеп кетті. Осындайда болмаса, ол ту­ра­лы айта да бермейміз.

Осылай, енді бірер жылдан кейін шаңырақ көтергенімізге, бір шаңырақтың астында ғұмыр ке­шіп келе жатқанымызға жарты ға­сыр болмақ. Бір қыз, екі ұлдан тара­ған немерелерімізбен бірге сол бір жақсы күндерге жетсек де­ген ниетіміз бар.

– Сіздің «Қимаймын сені, қы­зыл үй» атты кітабыңызды оқып отырып, өзіңіздің әдемі бір отбасылық үрдісіңіздің қо­рытындысындай сезіндім…

– Сөзіңді түсіндім. Анамыздан ке­ре­мет қаламгер болып тумасақ та, қазақтың аңыз-әңгімелері мен жыр-дастандарына деген, жалпы әде­биетіне деген құштарлық болар, осы бір саланы жанымыз қа­ла­­ғаны. Кез келген қазақ қызы, қа­зақ келіні, қазақ әйелі секілді мен де отбасым мен отағасын бірінші кезекке қойған жанмын. Әсіресе, қыз баланың тұрмыс құр­ғаннан кейінгі бүкіл болмысы адал, жақсы жар болып қана қой­май, ұрпақ жалғастырушы, ол ұрпақты өмірге әкеліп қана қоймай, оның шыр етіп өмірге кел­геннен бастап өз қолы өз аузына жеткеніне дейінгі тәлім-тәрбиенің де жауапкершілігі қоюлана түсетіні біз ашқан пәл­сафа емес. Ұрпақтан-ұрпаққа жал­­ғасып келе жатқан қазақ хал­қы­ның салт-дәстүрі, үлгі-өнегесі. Тәлім-тәрбиесі. Қызметтен алшақ­тап, бала күтімімен отырған кез­дері өзіме осындай бір «қызмет» тауып алдым. Жақындарымның, балаларымның туған күндерінде, атаулы тарихи мерекелерде үйдің бір қабырғасын алатын «Шаңы­рақ» газетін шығарып тұратын­мын. Алғашқы кезде жазу-сызудан қалыс қалмау, бос уақыт өткізу үшін жасаған бұл әдет бірте-бірте кә­дімгі тұрақты жұмысыма айналды. Онда фоторепортаж, әдемі әзіл, сыпайы қалжыңға құрылған қа­ра сөз немесе өлеңмен өрілген ті­лек­тер, қолмен салынған суреттер өзіме, отағасы, балаларыма ғана емес, келіп-кетіп жататын ағайын­дарға, мереке, туған күн­дері бас қосатын дос-жарандарға да қатты ұнайтын. Қабырға газе­тінің бетіндегі әрбір сурет тарихы­на, әдемі бір сезіммен жазылған ес­те­ліктерге, тіпті жүрекжарды тілектерге шұқшия қарап, көз­де­рін алмай оқып, дастарқандағы ас суып қалатын кездер де аз болмады. Қазір ол газет журналға айнал­ған, қабырғаға ілмей, үстел үстін­де жатады. Өткен жылдың соңғы 56-нөмірі аталарының мерейтойына арналды. Дегенмен баяғы жас кезімдегідей емес, сондықтан немеренің біріне отбасылық басылымның тізгінін беру керек шығар деп ойлап жүрмін.

– Осы аталған кітаптың бі­рін­ші бетіндегі: «Алла Тағала өзінің құлдарын өзі сыйлаған жа­рық дүниеде әлденеше рет сы­нақтан өткізеді екен. Сондай сынақтан өтіп келе жатырмыз десек те, соңғы сынақ – бұл өмірде денсаулыққа жетер еш­теңенің жоқ екеніне көзі­мізді жеткізген ауыр сынақ болды» деген тіркестер бізді де қат­ты толқытқанын жасыр­ғым келмейді. Бүгінде бәрі арт­та қалса да, сол жылдарға, екеуара әдемі диалогтан құ­рыл­ған осы кітапқа тереңірек тоқталсақ…

– «Қыз-Ғұмырдан» кейін жа­рық­қа шыққан «Қимаймын сені, қы­зыл үй» шын мәнінде, жұптас­қан ғұмырымыздағы әрбір қимас шақтарды еске ала отырып, бала­лық шаққа саяхат жасаған дүние болды. Нәкеңнің ауыр отадан кейінгі көңіл ауанын өміріміздің шуақты шақтарына, кез келген адам баласы сынды бойымызды кер­неген балалық шаққа, жастық шаққа деген сарыала сағынышы­мыз­ды қағаз бетіне түсіруді мақ­сат тұттым. Екеуара Көкшенің қоңыр самалына жанымызды жел­пі­тіп, жүрегімізді баяу тербеген «Шортанды» көлінің тол­қын­дары екеуміздің де жанымызды әдемі бір әлди бесікке салып, тер­бегендей күй кештік. Әңгіме тізгіні – ағаларыңда, оны жанарыма келіп қалған ыстық моншақ­тар­ға қарамай, көкірек сарайыма сыйдырып келе жатқан – мен.

«Сағыныш – адамның өткен күн­дерінен қол үздірмейтін ерекше сезім. Адамның бүкіл өмірі са­ғыныштан тұратындықтан да есте­лікті «Мәңгілік сағыныш» деп атауға келістік. Сол жылғы дема­лыс­қа кеткен әрбір күніміз алыста қалған балалықтың бақшасында алаңсыз бала болып ойнадық, жас болып желпіндік десем, артық айт­қандық емес. Бір сөзбен айт­қанда «ауруды ауылымыздан алыс­татайықшы» деген мақсат-ние­тімізге жеттік деп ойлаймын. Нәкеңнің аузынан шыққан әрбір сөзіне, кейде толқып, кейде болмашы ғана жымиған жұқалтаң жүзіне қарап, мен де, ол да әжеп­тәуір жеңілдеп қалдық. Жазу де­ген­нің рахаты да осы емес пе?!

– Шынында да, сіздерді жақ­сы білетіндердің қата­ры­нанмын, дегенмен ұстазы­мыз­дың ашыла, жарқылдай күл­ге­нін сирек көріппін. Сізге жас, бозбала Намазалы емес, бү­гін­де қазақ журналистикасының атасына айналған ұстаз, профессор, академик Намазалы­ның қандай мінезі ұнайды? Жа­ныңызды ауыртатын қы­лы­ғы да бар шығар?..

– Өз басым атаның күші, ана­ның ақ сүтімен берілген Жарату­шы­ның сыйы – көркем мінез, кей­біреулерде ғана болмаса, аса өз­гере, құбыла қоймайды деп ой­лай­мын. Қазақта «Сүйекке біткен мінез – сүйекпен кетеді» деген на­қыл бар, Нәкеңнің мінезінің тұрақ­тылығы, ойына алған тірлі­гін тез әрі тиянақты жасайтыны, өмірге, айналасындағыларға көз­қарасы, ұнамағаны болса бетке айта салатын әділдігі, бірбеткейлігі бар. Бетің бар, жүзің бар де­мей­тіні, бір сөзбен айтқанда тәуе­келшілігі – әу бастан қалыптасқан мінез. Ойланып-толғанып жүріп алмайды, тез шешім қабылдайды. Әді­летсіздікке жаны қас. Ең­бек­қор. Ерінбейді. Талапшыл. Өзіне де, бізге де. Кемшіліксіз адам болмайтыны тағы бар. Жасырақ ке­зінде «айттым, болды», «үзілді-ке­сілді», дегендей, өз айтқанымен ға­на жүретін. Кей шешімдері дұрыс болмаса да, мен қарсы болмайтынмын. Әсіресе, балалардың алдында қарсылық білдірген емес­пін. Сондықтан да ол кісіде «менің айтқанымның бәрі дұрыс» деген ой қалыптасқан болар. Педанттық басым. Қазір менің де, балалардың да пікіріне құлақ асып, санасады.

Клара Хамзақызы өзіне ғана тән әдемі бір жымиысымен еріксіз кү­­­­ліп алды. Біз де біраз үнсіздіктен кейін әңгімемізді ұрпақ, әулет жайы­­­на қарай бұрғанды жөн көрдік.

– Қазақ журналистикасына өлшеусіз үлес қосқан ұстаз­дың бала-немерелері қай тілде сөй­леп, оқиды екен?

– Бала-немерелеріміз түгелдей қа­зақ балабақшасы мен мектебінде оқыды. Немерелер де қазақ мек­тебінде оқып жатыр. Қалада туып, қалада өскендіктен, әрине аула­дағы «тәрбиеге» орыс тілі ара­лас­пай болмайды екен.

– Жоғарыда тілге тиек еткен аталарының бойындағы қа­­сиеттерді қай немересінен бай­қайсыз?

– Ол жағынан қан жібермейді деуге болады. Нұрғалымның ұлы Ердулаттың қағылездігі, ойына алған тірлігін орта жолда тастап кет­пейтіні, еңбекқорлығы ұқсай­ды. Достарының арасында бейнебаян түсіріп, бүгінде үш жүзден аса оқырманы бар. Домбыраның құла­ғында ойнайды, ән айтады. Нұржалғастың Арсланы да өте ұқыпты болып өсіп келеді. Жина­қы, үстелінің үстінде артық нәрсе жатпайды, қыл жуытпайтын та­залығы бар, ал қызы Адина сурет салудың шебері. Шығармашылық жағына бейім. Астананың Оқу­шы­лар сарайында бірнеше мәрте көр­месі ұйымдастырылды. Кенже немере Андасымыздың бәрімізді үйіріп алатын лидерлігі басым. Екі ұлдың үлкені Әселіміздің Миникасы (Мүневвер) Швецияның Гетеборг университеті Халықаралық қатынастар факультетінің студенті. Түркияда қазақтың салт-дәс­түрін насихаттап жүрген бойжеткен. Ал ұлы Ерасыл мен Нұрғалым­ның Мадияры спортқа жақын. Сон­дықтан да аталары сынды шы­­­ғармашылыққа бейім деуге бо­лады. Ешқайсысы да өнерден құра­лақан емес. Қай-қайсысы да ең алдымен атасымен ақылдасып, кеңесіп отырады.

– Ағамыздың білімдар­лы­ғы­­мен қоса, өте салмақты, зия­лылығы алдынан дәріс ал­ған көптеген жасқа үлгі. ал ол кісінің қос ананың қабағына қарап, олардың сөзін бөлмей, алдынан кесе көлденең өтпей мәпелегенін біреу білсе, біреу білмес…

– Ол рас. Анам Сақыпты әкем өмірден өткен соң, жалғыз қал­дыр­май қолымызға көшіріп алға­нымызды, сөйтіп бізбен отыз жыл­ға таяу бірге ғұмыр кешкенін, әри­не жақын араласып жүргендер жақ­сы біледі. Жарықтық анам: «Ай­налайын, Намазым, аман бол­сын­шы, тіл-көзден сақтасыншы», – деп айналып-толғанып отыратын-ды. Нәкеңнің білімдарлығына ақыл-парасаты қосылып, осы күнгі қандай қолы жеткен же­тістігі болмасын енемнің ақ сүті­нің, емірене жүріп берген тә­лім-тәрбиесінің арқасы дер едім. Ірі денелі, зор кісі еді жарықтық. Көп сөйлемейтін. Томаға тұйық. Бі­рақ әңгіме арасында езу тартқы­зар жақсы бір әдеті бар еді. Он­шақ­ты құрсақ көтерген батыр ана, басқа перзенттерінен Нәкеңді ерек­ше жақсы көрді, мақтан тұт­ты. Ауылдан сағына келіп, аунап-қу­нап, арқа-жарқа артынып-тартынып мәз болып кететін. Нәкең де анасының көңіліне тиген жері жоқ. Үнемі сөзін бөлмей тыңдап, санасып отыратын. Төрдегі қатар тұрған екі үстел, бірінде енесі, бірінде өз шешесі отырысымыздың сәні еді. Олармен ас ішудің өзі, шүйіркелесіп, қалжыңдасып отырып ішетін шай қандай десеңізші?! Енем ауылға кеткен соң да ол кісі отырған орындыққа әлсін-әлсін қарап қоятын, ондай кезде анасын сағынып қалыпты-ау деген жып-жылы мейірім менің де бойымды, санамда шарқ ұрып, белгісіз бір күй кешуші еді. Анасын сыйлаған, анасына деген перзенттік махаббаты жүрегін жылытқан азамат болғандықтан болар, менің анамды да өз анасынан кем көрмей, үне­мі алақанында ұстап, балаша мә­пелеп, мәңгілік сапарына арулап шығарып салды. Қос анамыз­дың да бұл фәниден көшкеніне біраз жылдардың жүзі болды, бірақ аппақ мейірімге толы жүз­дері жүректен де, көңілден де көш­кен жоқ…

«Қайран біздің Аналар арды ой­лаған» дегендей, осынау қазақ­тың қарапайым қызының, иісі қазаққа аты мәшһүр, оның ішінде қазақ журналистерінің ұла­ғатты ұстазы Намазалы Омашұлы шаңы­рағының мәңгілік шамшырағына айналып келе жатқан Клара ха­нымға қарап отырып, ер-азаматын өмір тірегіне айналдырып қа­на қоймай, бір ғана әулеттің, бір ға­на ауылдың азаматына айнал­ды­рып қоймай, барлық мүмкін­ді­гін жасап, бағын да, жолын да ашуы, қазақ әйелде­ріне ғана тән қасиет екенін тағы да мойында­ған­дай болдық…

 

Сұхбаттасқан

Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...
makataev

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы...
bf4f4f04fd3ccff0ff70d75e3dcecbc1

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне...
05 1

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың...

Жаңалықтар

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесуі өтті. Ж.Әділбаев Л.Оюун-Эрдэнэ мырзаны Премьер-Министр қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

Димаш – ақиқатқа айналған арман

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...

Қар, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты. «Қазгидромет» РМК...

«Бірнеше күн нәр татпаған»: Ресейлік жазушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Мәскеуде жас жазушы Аделина Шелдон өлі күйінде табылды. Бұл туралы Рен ТВ телеарнасы хабарлады.  Арна мәліметінге, 20 жастағы қыз өз пәтерінде көз жұмған. Соңғы бірнеше...

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын...

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың...

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...