«Қамқор» танысы арқылы қызметте өсетіндер көп, біз бәрін білеміз – Президент

«Қамқор» танысы арқылы қызметте өсетіндер көп, біз бәрін білеміз – Президент

«Қамқор» танысы арқылы қызметте өсетіндер көп, біз бәрін білеміз – Президент
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ықпалды, «қамқор» танысы арқылы қызмет бабымен өсу туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.   – Өкінішке қарай, мемлекеттік қызметкерлердің біршамасы мұны сезіне бермейді. Ескі жолмен жұмыс істеуге тырысып, олар елдегі жаңғырту процестерін тежейді. Мемлекеттік басқару жүйесінде командамен ауысу мәселесі әлі де бар. Есеп беру нәтижесінде мемлекеттік органдарда ауысу көрсеткіштері – 6-10 пайыз жалпы нормадан тыс. Іс жүзінде министр немесе әкім ауысқанда кадр құрамы да айтарлықтай өзгеретіні анық. Басшы қызметкерлер санының нормативтері жоқ. Меритократия принциптері әрдайым сақтала бермейді. Әлі күнге дейін ықпалды әрі «қамқор» танысы арқылы қызметте өсу және қамқорлық жасау деректері бар. Бұл рас, біз бәрін білеміз. Мұндай жүйені сынау керек, оның ішінде қоғамдық пікір еленуі тиіс. Басқаша істеуге болмайтындай дәрежеге жетті, себебі басты нәрсе – нәтиже, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.