Мемлекеттік құрылымда 500-ден аса өзгеріс болды – Тоқаев

Мемлекеттік құрылымда 500-ден аса өзгеріс болды – Тоқаев

Мемлекеттік құрылымда 500-ден аса өзгеріс болды – Тоқаев
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары мемлекеттік аппарат құрылымында 500-ден аса өзгеріс болғанын айтты. Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, тұрақты қайта құру шаралары мамандардың жылыстауына ықпал етіп, салдарынан сабақтастық болмаған, бұл мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне теріс әсер берді. «Мемлекеттік аппарат үшін институционалдық есте сақтау аса маңызды. Егер бөлімшелер мен ведомстволардың басшылары бір лауазымнан екіншісіне шегірткедей секіріп жүрсе, есте сақтау туралы қандай әңгіме болуы мүмкін? Бір жыл жұмыс істейді де, сол министрліктен, не басқа министрліктен басқа лауазым талап етеді», – деді Тоқаев. Президент елімізге мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет дей келе, шенеуніктердің халық алдында ашық болуы керектігін баса айтты. «Мемлекеттік қызметкерлер – халықтың бір бөлігі, халық үшін әрі халық арасында жұмыс істейді деп қайталаудан шаршамаймын. Бұл қызыл сөз емес. Мұның бәрін жүзеге асырып, өміршең ету керек. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына түпкілікті бағаны азаматтар беруі тиіс, бұл туралы Жолдауымда да айттым. Бұған қалай келуге болады? Өздеріңіз білесіздер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтық қоғамның рөлін күшейту жөніндегі реформалар пакеті бастама көтерді. Бұл жұмыс, әрине, жалғасатын болады», – деді Мемлекет басшысы.