Жүріп келе жатқан автобус жер астына түсіп кетті

Жүріп келе жатқан автобус жер астына түсіп кетті

Жүріп келе жатқан автобус жер астына түсіп кетті
ашық дереккөзі
Қытайда автобус опырылған жерге түсіп кеткен. Оқиға салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап. Оқиға 13 қаңтарда кешкі уақытта Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Синин қаласындағы Қызыл Крест ауруханасының маңында болған. Оқиға орнында түсірілген видео желіде жарияланды. Онда автобустың аялдамада тоқтап жатып, әп-сәтті асфальт опырылып, шұңқырға түсіп кеткенін көруге болады. Бастапқыда 15 адамның ауруханаға түскені және 10 адамның із-түзсіз жоғалып кеткені айтылған. Қазіргі уақытта құтқарушылар алты адамның мәйітін тапқан. Іздеу-құтқару шаралары жалғасатын болады. Опырылудың себебі тексеріліп жатыр.