Ауырмаған адамның сақтандыру қорына аударған ақшасы қайда жұмсалады?

Ауырмаған адамның сақтандыру қорына аударған ақшасы қайда жұмсалады?

Ауырмаған адамның сақтандыру қорына аударған ақшасы қайда жұмсалады?
ашық дереккөзі
260
Бір жыл бойы ауырмаған азаматтың міндетті сақтандыруға аударған ақшасы қайда жұмсалады? Бұл сауалға елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Ситқазинов жауап берді.  «Егер биыл ауырмаған болсаңыз, сақтандыруға аударған ақшаңыз қайтарылмайды. Медициналық сақтандырудың қағидасы: дені сау адам науқас үшін, бай адам кедей адам үшін төлейді. Бұл жылы өзіңіз ауырмаған жағдайда сақтандыруға аударған ақшаңыз ауырған адамдардың еміне жұмсалады. Ал егер келесі жылы сіз ауырып қалсаңыз – сақтандыруға қанша жинағаныңызға қарамастан, сізге де толық медициналық қызмет түрлері көрсетіледі», - деп түсіндірді филиал басшысы.

Серіктес жаңалықтары