264
1 млн теңгеден астам берешегі бар: Балаларына алимент төлемеген қостанайлық әйел жазаланды
1 млн теңгеден астам берешегі бар: Балаларына алимент төлемеген қостанайлық әйел жазаланды
Қостанай облысында балаларына алимент төлеуден жалтарған Д. есімді әйел 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылы Меңдіқара аудандық прокуратурасы кәмелет жасына толмаған балаларды асырау міндетін орындамағаны үшін 5 борышкерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартқан. Олардан 100 000 теңгеден астам алимент берешегі өндірілді. Сонымен қатар аудандық прокуратура әкімдікпен бірлесіп, 13 борышкерді жұмысқа орналастырды
«Мысалы, Қостанай облысының кәмелетке толмағандар бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 1 млн теңгеден астам берешегі бар азаматша Д. ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Үкім заңды күшіне енді» делінген таратылған ақпаратта.