294
Луис Суареске футбол ойнауға тыйым салынды
Луис Суареске футбол ойнауға тыйым салынды
«Барселона» ойыншысы хирург көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп жазады Prosports.kz.
Испаниялық клубтың ресми сайтының хабарлауынша,12 қаңтар күні Суарестің оң тізесіне ота жасалды. Футболшының қайтадан ойыншылар қатарына қосылуына кем дегенде 4 ай уақыт қажет.
Айта кетейік, Луис Суарес осы маусымда католондықтар жейдесінде 23 рет алаңға шығып, 14 гол соқты.