23 жастағы мексикалық спортшы Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) 35 жастағы ирландиялық Гэри «Спайк» О’Салливанды (30-4, 21 KO) орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңгеннен кейін дивизион чемпиондарымен кездесуге дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz жазды.
«Мен дивизиондағы үздіктер – «Канело», Головкин, Чарломен жұдырықтасқым келеді» деді Мунгия жеңісінен кейін.
Айта кетелік, ол О’Салливанды 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Алайда Мунгия бірінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.