23 жастағы боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

23 жастағы боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

23 жастағы боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
ашық дереккөзі
202
23 жастағы мексикалық спортшы Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) 35 жастағы ирландиялық Гэри «Спайк» О'Салливанды (30-4, 21 KO) орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңгеннен кейін дивизион чемпиондарымен кездесуге дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz жазды.
Атап айтқанда, ол IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге, WBA Super және WBC (Franchise) титулдары бар мексикалық Сауль  Альвареске (53-1-2, 36 КО), сондай-ақ, WBC нұсқасы бойынша америкалық чемпион Джермалл Чарлоны жекпе-жекке шақырды.
«Мен дивизиондағы үздіктер - «Канело», Головкин, Чарломен жұдырықтасқым келеді» деді Мунгия жеңісінен кейін. Айта кетелік, ол О'Салливанды 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Алайда Мунгия бірінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.

Серіктес жаңалықтары