«Ақиқатты білу үшін «қара жәшікті» өзге елдер оқысын» – Дональд Трамп

«Ақиқатты білу үшін «қара жәшікті» өзге елдер оқысын» – Дональд Трамп

«Ақиқатты білу үшін «қара жәшікті» өзге елдер оқысын» – Дональд Трамп
ашық дереккөзі
Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары «Украина әуе жолдары» компаниясына тиесілі Boeing ұшағын Иран қарулы күштері абайсызда атып түсірді» деп жарыса жазуда.  Осы жағдайға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранда Украинаның Boeing ұшағының апатына «техникалық ақау себеп болды» дегенге әуел бастан күмәнмен қараған. Ол: «Жолаушылар ұшағын қателесіп атып түсіруі мүмкін», – деген болатын.
Дональд Трамп, АҚШ президенті: «Менің өз болжамым бар. Бұл – орны толмас үлкен қайғы. Ұшақ қауіпті аймақта кетіп бара жатқан. Кейбіреулер «апатқа техникалық ақау себеп» дейді. Бірақ мен бұл пікірмен келіспеймін», – деді.
Оның ойынша, «ақиқатқа көз жеткізу үшін Иран тарапы Boeing-тің қара жәшіктерін оқуды өзге елдерге беру керек. Мысалы, Францияға немесе канадалық мамандардың көмегіне сүйенуге болады». Бірақ АҚШ президентінің болжамымен Иран тарапы түбегейлі келіспейді. Иранның азаматтық авиация басқармасының басшысы Али Абедзаде АҚШ-тың «украиналық лайнерді Иран күштері байқаусызда атып түсірді» деген болжамын жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша, ұшақ әуежайдан көтерілген соң 5 минуттай ұшқан. Бірақ техникалық ақауға байланысты апатқа ұшыраған. Оған экипаждың ұшақты әуежайға кері бұруға талпынысы дәлел дегенді алға тартады. Бұған дейін Иран тарапы қара жәшікті зерттеу ісін АҚШ-қа бермейтінін айтқан. aikyn.kz