Журналист Амангелді Батырбеков ақталды
Журналист Амангелді Батырбеков ақталды
Түркістан облысында сотталған журналисті сот ақтап шықты, — деп хабарлайды «Азаттық радиосы».
Былтыр 23 қыркүйекте Сарыағаш аудандық соты Амангелді Батырбековті Қылмыстық кодекстің «Жала жабу» және «Қорлау» бабымен кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырған.
Дереккөздің жазуынша, журналистің апелляциялық шағымын қараған Түркістан облыстық соты оны ақтап шықты.
Оның үстінен Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиев арызданған.