306
«Сергек» сақ тұр – 8 күнде 42 миллион теңге айыппұл
«Сергек» сақ тұр – 8 күнде 42 миллион теңге айыппұл

Биыл жыл басталысымен алғашқы сегіз күнде «Сергек» камералары 42 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді, – деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Қалада 8 күнде 2564 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген.
Ең жиі бұзылатын ереже – жылдамдықты асыру. Полицейлердің айтуынша, жүргізушілер жол бойындағы жол қозғалысы ережелерінде бекітілген талаптарға назар аудармайды.
Айта кетейік, Алматыда «Сергек» камералары 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Қала бойынша 400 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған.