2020 жылы алғашқы ай тұтылуын қашан көруге болады?

2020 жылы алғашқы ай тұтылуын қашан көруге болады?

2020 жылы алғашқы ай тұтылуын қашан көруге болады?
ашық дереккөзі
269
Астрономиялық күнтізбеге сәйкес, 2020 жылда айдың алғашқы рет тұтылуы қаңтардың 10-ынан 11-іне қараған түні болады. Ай тұтылуының максималды фазасы – 089. Айдың жер көлеңкесіне алғашқы жақындауы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:07 шамасында, тұтылудың максималды фазасы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:11-де, ал сағат 21:12-де ай Жер көлеңкесінен толық шығады, деп жазады ҚазАқпарат.  Айдың тұтылуы сондай-ақ Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Балтық теңізі, Кавказ бен Орталық Азия елдерінде де көрінеді. Жалпы алғанда, 2020 жылы астрономиялық күнтізбеге сәйкес, күн екі және ай төрт рет тұтылады деген болжам бар.  2020 жылдың ең үлкен астрономиялық оқиғалары ретінде толық және сақиналы күн тұтылуы болмақ.

Серіктес жаңалықтары