Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш қабылдана бастады

Елордада халықты әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың өтініштерін қабылдау басталды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжаттарды қабылдау Алматы, Бай­қоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандары­ның әкімдіктерінде, Халықты жұмыс­пен қамту орталығында, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында жүр­гізіледі. Азаматтарды қабылдау жүй­е­сі алфавиттік тәртіппен өтуде. Сон­­дай-ақ атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап та­ғайын­­да­латын болады. Мысалы, өті­ніш 20 қаң­тарда немесе айдың соңғы күнінде тап­сырылса, онда төлем толық ай бойы төленеді. Құжат тапсырушы аза­маттар өзімен бірге толты­рылған өтініш пен сәйкестендіру үшін жеке куә­ліктерін ұсыну қажет. Сондай-ақ АӘК-ті тағайындау үшін тұрғылық­ты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай уақытша тіркеу болу керек. Есте­ріңізге салсақ, атаулы әлеуметтік кө­мек­тің мөлшері бұрынғыдай отба­сының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының әр мүшесі үшін күнкөріс деңгейінің (КД) 70 пайыз арасындағы айырмашылықты құрайды (2020 жыл­дың 1-ші тоқ­са­нына КД – 34 654 тең­ге, кедейлік шегі – 22 258 теңге).

2019 жылдың тоғыз айында елордада атаулы әлеуметтік көмек 7 303 от­басыға немесе 36 515 адамға 2,6 млрд теңге сомасында төленген болатын. 2018 жылмен салыстырғанда алу­шылар саны 7,9 есе өсті (2018 жы­лы 924 отбасы және 4 601 адам). Ал бір адамға атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 6 848 теңгеден 16 446 теңгеге дейін, яғни 2,5 есе өсті.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап жалпы мүгедектік бойынша әлеуметтік төлем топқа байланысты 32 431-59 872 теңге аралығында тө­ле­неді. Төрт немесе одан да көп кә­ме­лет­тік жасқа толмаған және күндізгі бө­лім­де оқитын 23 жасқа дейінгі студент ба­лалары бар отбасыларға әлеуметтік жәр­демақы табыс көлемінен тыс бе­ріледі: төрт бала үшін – 42 496 теңге, бес балаға – 53 127 теңге, алты балаға – 63 757 теңге, жеті және одан да көп ба­ла­лар үшін – 74 388 теңге төленеді.

Асыраушысынан айырылғандарға бе­рілетін жәрдемақы адам санына байланысты 26 818 теңгеден 65 797 тең­геге дейін болады. Ата-анасынан айы­рылған балалардың әрқайсысына 36 796 теңгеден беріледі. Бала тууына бай­ланысты берілетін біржолғы жәр­демақы: бірінші, екінші және үшінші ба­лаға 100 776 теңгеге дейін, ал төртін­ші бала үшін 167 076 теңгеге дейін беріледі. Жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін ай сайын бірінші балаға – 15 276 теңге, екінші балаға – 18 061 теңге, үшінші ба­лаға – 20 819 теңге, төртінші балаға 23 603 теңге жәрдемақы беріледі. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалары бар немесе бұрын «Батыр ана» атағына ие бол­ған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбала­лы аналарға ай сайын 16 973 теңге мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Мү­ге­дек баланы тәрбиелеп отырған ана­сына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына 2020 жылдың 1 қаң­тарынан бастап кәмелетке толған­ша 43 657 теңге беріледі. Осындай мөл­шердегі жәрдемақы бірінші топ­тағы мүгедек баланы күту бойынша да төленеді.

Жалпы алғанда, 2020 жылы көп­балалы отбасыларға мемлекеттік жәр­де­мақы төлеуге 177,6 млрд теңге бөлу көз­делген. Бұл жәрдемақыны 346,8 мың отбасы алатын болады.

Арайлым БИМЕНДИЕВА

Back to top button