199
Зеленский ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады
Зеленский ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады
Владимир Зеленский Тегеран түбіндегі ұшақ апатынан қаза болған жолаушылардың туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Таяу Шығыстан суыт хабар жетті. Бүгін таңертең Имам Хомейни халықаралық әуежайынан ұшып шыққан "Украина халықаралық әуе желілері" компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, әуежай маңына құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, барлық жолаушы мен экипаж мүшелері қаза болған. Біздің елшілік трагедияның мән-жайы мен қаза болғандардың тізімін нақтылауда. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің отбасына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды Украина басшысы Фейсбуктегі парақшасында.