314
Әйелдерді жыныстық тұрғыдан бопсалаған кинопродюсердің соты басталды
Әйелдерді жыныстық тұрғыдан бопсалаған кинопродюсердің соты басталды
Нью-Йоркта атақты голливудтық кинопродюсер Харви Вайнштейннің ісі бойынша сот отырысы басталды.
Харви әйелдерді жыныстық тұрғыдан бопсалады деп айыпталуда. Әйгілі продюсердің үстінен 80-нен аса әйел арыз түсірген. 67 жастағы Вайнштейнді кінәсі дәлелденсе, ол қалған өмірін түрмеде өткізбек.
Вайнштейннің өзіне тағылған айыпты мойындар емес. Оның айтуынша, жыныстық қатынастың барлығы өзара келісіммен болған.