МӘМС: Бірнеше жерде жұмыс істейтіндер ақшаны қалай аударады?

МӘМС: Бірнеше жерде жұмыс істейтіндер ақшаны қалай аударады?

МӘМС: Бірнеше жерде жұмыс істейтіндер ақшаны қалай аударады?
ашық дереккөзі
291
Бірнеше жерде жұмыс істеген азамат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына барлық кіріс көздерінен аударым жасауы қажет. Бұның реттілігі туралы аталған қордың төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтып берді. Сақтандыру ақшасына медициналық көмекті жеке клиникаларда да алуға болады. Бұл үшін қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгініп, қалаған емханаға таңдау жасауға болады. Немесе тіптен үйден шықпай-ақ, e-gov порталы арқылы өтінім қалдыруына болады, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. «Қандай жеке клиникалар сақтандыру жүйесіне кіретінін қордың сайтында «клиника таңдау» бөлімінен көруге болады. Қор үшін меншік нысаны маңызды емес. Біз жеке сектор дамысын дейміз, бәсекелестік болғанын қалаймыз. Себебі ол сапаның жақсаруына әсер етеді»,  деді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айбатыр ЖҰМАҒҰЛОВ. Бұдан былай науқастар қымбат қызмет түрлеріне де тегін қол жеткізе алады. Сақтандыру пакетіне оталар мен тар ауқымды мамандардың қабылдауы кіреді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға стационарлық көмек, қан талдамалары мен бүгінде көпке қолжетімсіз компьютерлік томография мен МРТ да кірмек. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне КТ және МРТ, сондай-ақ дәрілердің кеңейтілген тізбесі кіреді. Егер адамда сақтандырылған статусы болса, ол барлық осы медициналық қызметтерге қол жеткізе алады», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас ӘБІШЕВ. Ал жіті және созылмалы аурулардың еміне және жедел жәрдем қызметі кепілдендірілген тегін медициналық көмектің аясында қалмақ. Бұл қызметтер үшін қаржыны мемлекет төлейді. Бірнеше жұмыста еңбектеніп, нәпақа тауып жүрген азаматтар сақтандыру қорына әр жұмыс орнынан аударым жасауы тиіс. Десе де, міндетті аударымның жалпы әрі нақты сомасы бекітілген. Ол 6000 теңгеден аспауы қажет. Ал Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы кез келген ақпарды 1406 нөмірі бойынша колл орталығынан білуге болады.

Серіктес жаңалықтары