Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы "Астанадан" кетті

Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы "Астанадан" кетті

Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы "Астанадан" кетті
ашық дереккөзі
305

Футболдан Казақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов еңбек келісімшартының аяқталуына байланысты елордалық ұжымнан кетті. Бұл туралы "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады. 

Футболшы "Астана" сапына 2014 жылы қосылып, одан кейін "Қайсарға" ауысып, артынша елорда командасына қайта оралған еді.

Серікжан осы аралықта "Астана" құрамында 189 ойын өткізіп, 19 гол соғып, 31 нәтижелі пас берген.

Ол команда құрамында болған жылдарда алты дүркін Қазақстан чемпионы атанып, одан бөлек Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңдерінде ойнады.

"Астана" футбол клубы Серікжанға команда құрамында өткізген жарқын сәттері үшін ерекше алғыс білдіріп, алдағы мансабына толағай табыс тілейтінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары