Жекешелендіру тізіміндегі бірқатар ұйым сатылмайтын болды

Жекешелендіру тізіміндегі бірқатар ұйым сатылмайтын болды

Жекешелендіру тізіміндегі бірқатар ұйым сатылмайтын болды
ашық дереккөзі
314
"Қазақфильм" киностудиясы, Петропавл мен Шымкенттегі әуежайы жекешелендіру тізімінен алып тасталмақ. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik. Жекешелендіруге жататын республика меншігіндегі ұйымдар тізімінен келесілерді алып тастау ұсынылады:
  • Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы;
  • "Петропавл қаласының халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы;
  • "Шымкент әуежайы" акционерлік қоғамы;
  • "Әскери құрылыс" акционерлік қоғамы.
Бұған қоса, тізімнен "Ордабасы" футбол клубын, "Астана Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін алып тастау жоспарланып отыр. Жекешелендірілмейтін нысандар қатарында "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамы, "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы бар. Заң жобасы 2020 жылдың 17 қаңтарына дейін ашық талқыланбақ. Еске сала кетейік, 2018 жылдың қаңтарында мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов "Қазақфильмді" жекешелендіруге қарсы шықты. Егер киностудия жекеменшікке өтсе, ел отандық кинодан айырылады, деді ол. Арыстанбек Мұхамедиулы мәдениет және спорт министрі болған кезде киностудия шамамен 4-5 жыл бұрын жекешелендірілетін нысандар тізіміне қосылғанын, бірақ акцияларды ешкім сатып алғысы келмегенін айтты. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ – түрлі фильмдер өндірісімен айналысатын Қазақстанның басты киноалаңы. Киностудия негізі 1934 жылы Алма-Ата кинохроника студиясы ретінде қаланды, 1936 жылы алғашқы деректі фильмдер түсірілді.  

Серіктес жаңалықтары