285
Троллейбуспен жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушінің жағдайы белгілі болды
Троллейбуспен жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушінің жағдайы белгілі болды
Алматы дәрігерлері троллейбус тізгінінде есінен танып қалған жүргізушісінің жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Ер адам №7 ауруханаға жеткізілді. Тексеру кезінде оған Мэллори-Вейса синдромы қойылды. Сонымен қатар жүргізуші көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер барлық қажетті шараны жасады. Пациентті қараған нейрохирург, хирург, травматолог дәрігерлер оның ми жарақаты жоқ екендігін растады. Қазір оның жағдайы бірқалыпты ауыр. Хирургиялық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр»,- деді басқарманың баспасөз қызметінен.
Оқыс оқиға кеше шамамен сағат 23:20-де болған еді. Троллейбус жүргізушісі Қ.Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай автопаркке келе жатқан. Розыбакиев көшесіне жеткенде оның қан қысымы көтеріліп, ол есінен танып қалған. Троллейбус көшеде тұрған Lexus GS300 және Honda Accord көліктерін соғып, тротуарға шығып кеткен және жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Келген дәрігерлер жаяу жүргіншігемедициналық көмек көрсетті, бірақ ер адам ауыр жарақаттан сол жерде қайтыс болды.