286
Атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге қандай құжаттар қажет?
Атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге қандай құжаттар қажет?
Биыл көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд теңге көзделген. Бұл жәрдемақыны 346 мың 800 отбасы алады.
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрін тағайындауға өтініш қабылдау 5 қаңтардан басталды. Мамандардың айтуынша, құжат рәсімдеуге жеке бас куәлігі жеткілікті, деп хабарлайды 24.kz.
Жуырда көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріле бастайды. Бұл мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі. Яғни бала санына қарай 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін төленеді. Егер бұл отбасы табысы бойынша аз қамтылғандар санатына жататын болса, онда бұл жанұяға жаңа жәрдемақыдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бұған қоса кепілдікті әлеуметтік топтама ұсынылады. Яғни аз қамтылған көп балалы отбасы болса, көмектің барлық үш түрін алады.
"Осы жылдан бастап, жан басына шаққандағы кедейлік шегінің кіріс табысқа айырмашылығын, ғана төлейміз. Осы жылғы орташа кедейлік шек 24258 теңгені құрайды. АӘК тағайындау кезінде біз тек қана жеке бас куәлігіне ғана қараймыз. Базаға енгізіп бүкіл ақпаратты енгіземіз", - дейді Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы Айнұр Әубәкірова.
АӘК тағайындау кезінде отбасында табыс табатын жанның болуы міндет. Яғни мемлекетке масыл болмай, отбасын асырау әркімнің өз жауапкершілігі екенін ескеру қажет, дейді мамандар. Ал жұмыссыз болған жағдайда мемлекет тиісті қызмет ұсынады. Еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек берілмейді.