343
Bek Air басшысы: Түрмеге өзім отырам, жігіттерімді ренжітуге жол бермеймін!
Bek Air басшысы: Түрмеге өзім отырам, жігіттерімді ренжітуге жол бермеймін!
"За нами уже выехали" Youtube арнасына берген сұхбатында Bek Air басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов ұшақ апатына байланысты кінәні өз мойнына алуға әзір екенін айтты.
Оның сөзінше, сол күні таңертең тұрақтандырғышы үзіліп кеткендіктен,ұшақ өзін "жан-жаққа лақтыра бастаған".
Ол авиаторларда жүз пайыз қауіпсіздік ұшақ жер бетінде тұрған кезде ғана қамтамасыз етілуі мүмкін екенін атап өтті.
Өкінішке қарай, төтенше оқиғалар болмауы мүмкін емес. Бірақ, статистикалық мәліметтерге қарағанда, көліктің бұл түрі ең қауіпсіз болып қала бермек.
Сондай-ақ, Жұмасұлтанов комиссия болған жағдайға әуе компаниясын кінәлі деп тапса, кім жазаға тартылатынын да түсіндірді.
"Мен сіздерге айтайын, ұшқыш өз ісін дұрыс атқарды. Егер әуе компаниясы кінәлі болса, өз жігіттерімді ренжітуге жол бермеймін. Олар үшін өзім отырып (абақтыға- ред) шығамын. Менің қарамағымдағылардың біреуі де отырмайды (абақтыға- ред) . Қайтыс болған ұшқышты да кінәламаймыз, ол ұшақты дұрыс басқарды",- деді ол.