Жаңаөзенде тұрақта тұрған көліктің ішінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Lada.kz.
Облыстық жедел жәрдем бекет қызметкерлерінің мәлімдеуінше, 44 жастағы Мұнайлы ауданы тұрғынының денесін 4 қаңтар күні "Жаңаөзен" ойын-сауық кешенінің күзетшілері Toyota Camry көлігінің ішінен тауып алған. Қарауыл қызметкерлері бұл көліктің кешеннің көлік тұрағында бірнеше күннен бері тұрғанын айтыпты.
Полицейлер оқиғаны тіркеп, оның мән-жайын анықтауға кіріскен.
"Сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде. Ер азаматтың денесінде жарақаттар байқалмайды", - деді облыстық ПД қызметкерлері.