Жанармайы таусылып, далада қалған жолаушылар құтқарылды

Жанармайы таусылып, далада қалған жолаушылар құтқарылды
Ақтөбеде жолда қалған жолаушылар құтқарылды, – деп хабарлады ҚазАқпарат.
Оқиға 3 қаңтар күні сағат 16:00-де тіркелді. Мәртөк ауданының Саржансай ауылынан шыққан бір отбасы құтқарушылардан көмек сұраған. Қарда жүретін көліктің жанармайы таусылып, олар далада қалып қойған.
«Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінен 6 адам, бір техника жіберілді. Хлебодар ауылдық оругінен бір адам барды. Сағат 20:06-да далада қалғандар табылып, құтқарылды. Олар Қурайлы ауылына жеткізілді. Жолда ыстық шәй беріліп, жылытылды. Медициналық көмекті қажет етпеді. Төрт адамның екеуі – бала», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметкері Сабина Серікова.