256
Қызылордада 28 қылмыстық топ қолға түсті
Қызылордада 28 қылмыстық топ қолға түсті

Былтыр Қызылорда қаласында 167 пәтер ұрлығы қылмысы ашылып, 28 қылмыстық топ қолға түскен. Бұл туралы Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Былтыр тек желтоқсан айында облыс орталығында 4 пәтер ұрлығын жасағаны үшін Арал ауданының 2 тұрғыны құрықталған. Сондай-ақ, 5 пәтер ұрлығы мен 2 тонау қылмысын жасағаны үшін Қызылорда қаласының 4-тұрғыны ұсталды. Олар жасаған қылмыстарын толығымен мойындап, тергеу абақтысына қамалды.