Сенесіз бе, сіз 10 минут сайын телефонға үңілесіз – зерттеу

Сенесіз бе, сіз 10 минут сайын телефонға үңілесіз – зерттеу

Сенесіз бе, сіз 10 минут сайын телефонға үңілесіз – зерттеу
ашық дереккөзі
333
«Көпшілігі жаңа жылға жаңа мақсаттар қойып, тізім жасайды. Біреулер темекіні тастаймын десе, тағы біреулері спортпен шұғылдануды қолға аламын деп өзіне серт береді. Соңғы жылдары желіге уақыт бөлуді азайтқысы келетін адамдар қатары артуда», – деп жазады Le Figaro басылымы. Қазіргі таңда смартфондардан демалғысы келетіндердің қатары күн санап артып келеді. «Цифрлық технология біздің күнделікті өмірімізді жұтып жібереді. Elabe жүргізген зерттеуге сенсек, адамдардың 60 пайызы смартфонсыз бір күн де жүре алмайды. Әрбір екінші адам он минут сайын телефон немесе планшетіне қарайды», – деп жазады автор. Басылымның хабарлауынша, ғалымдар адамдар телефонға қараған кезде қысқамерзімді рахат сезіміне бөлейтін домафин гормоны бөлінетінін, сол себепті смартфоннан ажырау қиын екенін анықтаған. «Телефоннан толық қол үзу мүмкін емес, дегенмен, оны дұрыс пайдалануды үйрену керек. Осы тәртіп сақталғанда ғана телефон тиімді құралға айналады. Технология адамдарға қызмет етеді, ал оның қолданылуы белгілі бір деңгейде адамға қауіп төндіре алады», – дейді жазба авторы.  

Серіктес жаңалықтары