13 жасар бала батуттан құлап, жарақат алды

13 жасар бала батуттан құлап, жарақат алды
Алматыдағы Көк-Төбеде батуттан құлаған бала жарақат алды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Науқасты жедел-жәрдем қызметі Алматы қалалық балаларға жедел медициналық қызмет көрсету орталығына жеткізді. Дәрігерлер қарап, қажетті медициналық көмекті толығымен алып жатыр. Баланың жағдайы бірқалыпты», – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Полицияның айтуынша, 13 жастағы бала өзінің абайсыздығынан қарапайым батуттан құлап қалған, ата-анасының парк әкімшілігіне ешқандай наразылығы жоқ.