«Айбынды Алтын Орда» атты кітап көрмесі өтеді

/
«Айбынды Алтын Орда» атты кітап көрмесі өтеді
ашық дереккөзі
«Айбынды Алтын Орда» атты кітап көрмесі өтеді Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2020 жылы аталып өтетін Алтын Орданың 750 жылдығы, әлемге әйгілі ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына, «Волонтер жылына» және «Журналистика – дәстүр мен жаңашылдық жаршысы» тақырыбында кітап және фотокөрмелер өтеді. Кітапхана баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Абай тағылымы» атты иллюстративті-кітап көрмесінде ұлы Абайдың өмір жолы мен шығармалары, дүниетанымы мен баға жетпес мұрасымен таныстыратын 8 бөлімнен тұрады. «Қалың елім қазағым...», «Абай туралы», «Абайдың дүниетанымы», «Абай шығармалары туралы», «Қазақ халқының рухани асыл мұрасы», «Мерзімді басылымдар Абай туралы сыр шертеді», «Абай» романы – қазақ өмірінің айнасы, үлкен шежіресі», «Абайдың бейнесі суреткерлер көзімен» атты бөлімдерде ұлы Абай тек қазақ халқының ғана ақыны емес, әлемдік әдебиетке ортақ тұлға ретінде көрсетіледі. «Әл-Фараби мұрасы» атты өте кітап көрмесінде Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен қызметін жайында баяндайтын 400-ден астам кітап, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер ұсынылады. Көрме 5 бөлімнен тұрады. «Айбынды Алтын Орда» атты кітап көрмесінде Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, даму тарихын, күйреуін баяндайтын 160-қа таман кітаптар, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер ұсынылады. Көрме 3 бөлімнен тұрады: Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, Алтын Орда мемлекетінің даму тарихы мен ыдырауы және Ұлытау – хандар мекені. «Әлемді жақсы жаққа өзгерт» атты кітап және фотокөрме ұйымдастырылып отыр. Кітап көрмесінің мақсаты – еріктілік бастамалардың қарқынды дамуына қолдау көрсету және ҚР-да волонтерлік мəдениетті дамыту мақстыннда ақпараттық қамтамасыз ету. Ал «Журналистика – дәстүр мен жаңашылдық жаршысы» атты кітап және фотокөрмесінде оқырмандарды Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы қазақ журналистикасының тарихы мен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы жайындағы кітаптармен таныстырады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары