Сайлауға бөлінген ақшаның 70 пайызы жалақыға төленбек

Сайлауға бөлінген ақшаның 70 пайызы жалақыға төленбек

Сайлауға бөлінген ақшаның 70 пайызы жалақыға төленбек
ашық дереккөзі
390

Президент сайлауын өткізуге Үкіметтік қордан 5,5 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражаттың 70 пайызы  жергілікті жердегі сайлау комиссиялары мүшелеріне жалақы ретінде төленеді. Қазір жер-жерде 10 мыңнан аса комиссия мүшесі жасақталған.

Сайқау өткізуді жүзеге асыруға 70 мыңдай адам қатысады. Оларға үш айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде , яғни 62 мың теңгеден төленеді. Ал кандидаттар сайлау қорына  жеке қаражатын да тарта алады. Дегенмен қаражат сомасы 106  млн 820 мың теңгеден аспауы тиіс екені ескертеді, Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау туралы заңға сәйкес, мемлекет кандидаттарға өз бағдарламасымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы үшiн қаражатты бірдей бөледі. Әр кандидаттың теледидардан - он бес минут, радиодан - он минут сөз сөйлеуіне, басылымдарда екi мақала жариялауына қаржы берiледi.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, Бақыт Мелдешовтың тартатқан мәліметі бойынша, кандидаттар бағдарламасын теледидар арқылы баяндауға 5 млн 250 мың, бағдарламаны радио арқылы баяндауға 200 мың, баспа басылымдарына 810 мың теңге, сайлаушылармен кездесу үшін орын жалдауға 200 мың теңге, үгіттік баспа материалдар басып шығаруға 250 мың, көліктер пайдалануға 300 мың теңге бөлінгені белгілі болды.

Егер кандидатты саяси партия ұсынса, онда ұйым 149 млн. 548 мың теңге қаржы бөледі. Сонымен қатар кез-келген азамат та өзі қалаған кандидатқа қаржылай қолдау көрсете алады. Оның сомасы 320 млн 460 мың теңгеден аспауы шарт. "Жалпы әр кандидаттың сайлау қоры 576 млн 828 мың теңге мөлшерінде болуы міндеттелген. Өзін өзі ұсынған азаматтардың шығысы бұдан азырақ болмақ. Өйткені оған партия қаржы бөлмейді. Сондықтан оның сомасы 427 млн 280 мың теңгені құрайды", - дейді Бақыт Мелдешов.

Серіктес жаңалықтары