Биыл 1300 шақырым жол жөнделіп, қолданысқа беріледі

Биыл 1300 шақырым жол жөнделіп, қолданысқа беріледі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алдағы жылдары қанша шақырым жол жөнделетінін айтты. Бұл туралы Қазақпарат жазды.
Мекеме мәліметінше, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020-2026 жылдар аралығына ұзындығы 10 мың шақырым болатын республикалық жолдардың құрылысы мен реконструкциясы жоспарланған. Оның 1 373 шақырымында 2020 жылы қозғалыс басталады.
«Орталық – Оңтүстік» бағыты бойынша 311 шақырым жол ашылады. «Петропавл – Қорған» тасжолының 37 шақырымы пайдалануға беріледі. «Орталық – Шығыс» жобасы бойынша – 13 шақырым, «Қостанай – Денисовка» жолында – 65 шақырым, «Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат» жолында – 160 шақырым жол ашылады.
Сондай-ақ, 2020 жылы «Атырау – Астрахан» тасжолының 160 шақырымы, «Көктерек асуы» жобасы бойынша – 32 шақырым, «Талдықорған – Өскемен» тасжолында – 384 шақырым, «Ұзынағаш – Отар» жолының 96 шақырымы, «Үшарал – Достық» жолының 60 шақырымы, «Қалбатау – Майқапшағай» жолының 155 шақырымы қолданысқа беріледі.