393
Қазақ палуаны үздік атанды
Қазақ палуаны үздік атанды

Грек-рим күресінен өткен бүкілресейлік турнирде Ақмола облысының палуаны Дастан Зарлыханов үздік атанды. Жарысқа Ресей, Қазақстан және Қырғызстаннан 100-ден астам спортшы қатысқан.
Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Тарасовты еске алуға арналған грек-рим күресінен 37-ші бүкілресейлік турнир Нижний Тагилде өткен.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дастан Зарлыханов жеңімпаз атанып, оның бауыры Дамир 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленгенін айтты. Оларды Егор Мукштадт жаттықтырады.