Ғарыштан жеткен құттықтау (видео)

Ғарыштан жеткен құттықтау (видео)

Ғарыштан жеткен құттықтау (видео)
ашық дереккөзі
Роскосмос ғарышкерлері Александр Скворцов пен Олег Скрипочка Халықаралық ғарыш станциясы бортынан видеоқұттықтау жіберді, – деп хабарлайды radiomayak.ru. Бүгін ХҒС экипажы шыршаны безендіріп, Жаңа жыл мерекесіне дайындалды. Қазір станцияда ресейліктер Александр Скворцов пен Олег Скрипочка, американдықтар Кристина Кук, Эндрю Морган және Джессика Мэйр, сонымен қатар итальяндық Лука Пармитано бар. Ғарышкерлер құттықтауларында әлемде болып жатқан түрлі келіспеушіліктер мен дауларға қарамастан Жердегі және ғарыш станциясындағы адамдар бір-бірімен достық қарым-қатынасты негізгі ұстаным етеді. Станцияға экипаж құрамының 9 адамы (олар жұмыс аяқталған соң Жерге оралды), 5 тонна жүк, сонымен қатар бірқатар ғылыми-қолданбалы зерттеу нәтижелері жеткізілді. Халықаралық ғарыш айлағындағы ғарышкерлер бір тәулікте Жерді 16 рет айналып ұшып шығады және соншалықты күн мен түнге кез болады. Яғни, оларда 2020 жылды 16 рет қарсы алу мүмкіндігі бар. https://www.youtube.com/watch?v=IPvyUcGrX4E&feature=emb_logo