Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасы болып Ғабит Тәжімұратов тағайындалды.
Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы 1972 жылы 23 наурызда дүниеге келген. 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік техникалық азаматтық авиация университетін (Мәскеу қ., РФ) – ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану мамандығы бойынша, 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану
мамандығы бойынша бітірген (Алматы қаласы). 2018 жылы "IBS Astana" және "EU" Халықаралық бизнес мектебін бітірді.
Еңбек өтілі:
1993 – 1994 жж. – 5ші ЖПУ жұмысшы, Мәскеу қаласы;
1994 – 1995 жж. – Су №19 1-ші разрядты жұмысшы, Мосинжстрой ММК, Мәскеу қаласы;
1998–1999 жж. – ҚР ККМ Мемлекеттік авиациялық регистрінде әуе кемелерін пайдаланушыларын сертификаттау бөлімінің жетекші сарапшысы, Алматы қаласы;
1999 – 2001 жж. – "Қазавиасертификация" ЖАҚ коммерциялық әуе көлігі мен жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың техникалық аудиті бойынша бас сарапшы-аудитор, бөлім бастығы, Алматы қалсы;
2001-2002 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті органдар жүйесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Астана қалысы;
2002 – 2003 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің әуе компаниялар қызметін реттеу бөлімінің бастығы;
2003 – 2008 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің әуе компаниялар қызметін реттеу басқармасының бастығы, Астана қаласы;
2008 – 2010 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті азаматтық авиацияны дамыту басқармасының бастығы, Астана қаласы;
2010 – 2014 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің көліктік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі;
2014 –2015 жж. – "Airport Management Group" ЖШС бас директорының орынбасары (ҚР әуежайларды басқарушы компания).
2015 – 2019 жж. – "Астана халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор.
2019 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.