«Соңғы сәтте ұшақтың артқы бөлігіне отырдым»: Ұшақ апатынан аман қалған жолаушы оқиға туралы баяндады

Еркін Өтепов – апаттан аман қалған жолаушылардың бірі. Ол Нұр-Сұлтан қаласына іс сапармен ұшпақшы болған екен. Тек соңғы сәтте ұшақтың артқы бөлігіне отыруының арқасында ғана аман қалған, деп хабарлайды «Алматы» арнасы. 

Негізі, сатып алған орны – қаза тапқандардың қатарында екен. Оның айтуы бойынша, салоны суық әуе кемесі соққы алғаннан кейін, бірден төмен қарай құлдилай бастаған.

Алдын ала суық хабарды ескерткендей, ұшақтың іші салқын болғанын басқа да жолаушылар байқаған. Өзінің 9 айлық баласы мен жарын алып, Нұр-Сұлтанға беттеген Мақсұт Ғатиат жаңа жылды ата-анасымен қарсы алып, немерелерін алғаш көрсетуге асыққан екен. Ұшақ қозғалған сәттен бастап, жолаушы жары мен баласын қолынан жібермегенін айтады.

 

Back to top button