Қазақстандық Әли Тұрғанбеков Роналдумен кездесті

Қазақстандық Әли Тұрғанбеков әйгілі футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесті. Ерекше сәттің фотосын Әли әлеуметтік желіге жүктеп, өз қуанышымен бөлісті. 

Қазақ баласы «Ювентус» командасының шабуылшысымен бірге доп теуіп, құшақ алмасты. Естелікке отандық шоколадты тарту етті.

Португалдық чемпион өз кезегінде допқа қолтаңба қалдырды.

Бүгінде аяқсыз туған баланы әлемдік спорт жұлдыздары әбден танып алған. Бұған дейін ол UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен, «Барселонаның» экс-капитаны Хавимен кездескен. Тамыз айында UEFA суперкубогының марапаттау рәсіміне қатысты.

Back to top button