Онжылдықтың үздік автокөлік компаниясы анықталды

Америкалық бизнесмен Илон Масктың Tesla компаниясы өз акцияларын осыдан он жыл бұрын биржада орналастырған сәттен бастап сарапшылар мен баспасөздің назарында болды.

Компания Масктың қажетсіз твиттері үшін қиын жағдайға тап болып, көп шығынға ұшырады.  Оның сәтсіздігі туралы көп айтылды. Алайда, Tesla әлемдегі ең сәтті автомобиль компанияларының бірі ретінде соңғы онжылдықты аяқтады, деп жазады Massaget.kz. 

2010 жылы оған салынған әрбір доллар 1190 пайыз пайда келтірген. Компанияның желтоқсандағы акциялары рекордтық деңгейге – 413 долларға көтеріліп, компанияның жалпы бағасы 73 миллиард долларға жетті. Тек Toyota (230 миллиард доллар) және Volkswagen (98 миллиард доллар) Tesla-ға қарағанда қымбат. Басқа ірі бәсекелестер, соның ішінде General Motors және Ford  әлдеқашан артта қалған.

Компанияның сатылымдарының қарқынды өсуі инвесторларды бірінші кезекте қызықтырады. Бірақ, бұл жалғыз себеп емес. Дәстүрлі автомобиль өндірушілерден айырмашылығы, Tesla экологиялық таза болашақпен және жоғары технологиямен байланысты көлік құрастырады. Бұл ішкі жану қозғалтқыштарын дамытудың жаңа кезеңіне қарағанда анағұрлым перспективті.

Шамасы, компания алдағы жылдары да одан әрі дами береді. Биыл компанияның табысы 14 пайызға артқан. Ал, 2020 жылы ол 21 пайызға, 2021 жылға қарай 18 пайызға жетеді деп болжанған. Сонымен қатар, осы жылдары ірі автомобиль компаниясының кірісі тиісінше 1,4 және 3 пайыз ғана өседі деп күтілуде. 

Бірақ көптеген сарапшылар электромобиль саласына әлі де күмәнмен қарайды және Tesla акцияларын сатуды ұсынады. Бұл Amazon-ның алғашқы онжылдықта компания ретінде тап болған жағдайына ұқсас болып отыр.

Көптеген адамдар сол кезде компанияның сәттілігіне күмәнмен қараған, бүгінгі таңда Amazon әлемдегі жетекші технологиялық алыптардың бірі болып саналады. Tesla-ның да тағдыры осындай болуы мүмкін. Credit Suisse сарапшыларының айтуынша, Tesla өзінің алдыңғы қатарлы аккумуляторлық технологиясының арқасында барлық бәсекелестерінен озып келеді. Қалған компаниялар мұның шешімін тапқанша, олар алға жылжуын жалғастыра береді.

 

Back to top button