Сақ болыңыз – бірқатар өңірде жол жабық

Сақ болыңыз – бірқатар өңірде жол жабық

Сақ болыңыз – бірқатар өңірде жол жабық
ашық дереккөзі
Еліміздің бірқатар аймағында жол жабылды, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 25 желтоқсан күні сағат 09:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаяу бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» (16-200 шақырым) бағыттарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді. Шығыс Қазақстан облысында сағат 12:50-ден бастап жол көрінбейтін ақтүтек боранға байланысты «Өскемен – Шемонайха – РФ шекарасы» (105-123 шақырымы) бағытында жол жабылды. 25 желтоқсан сағат 11:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қызылорда – Павлодар» (1206-1135 шақырымы) бағыттарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. ТЖ комитеті азаматтарға ауа райы өзгерістерін бақылауда ұстап, қолайсыз ауа райында алысқа жолға шықпау жөнінде кеңес береді.