Қызылорда мен Шымкенттің ауасы неден ластануда?

25 желтоқсан күні еліміздің екі бірдей қаласында – Қызылорда мен Шымкентте қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады деп отыр, Қазгидромет мамандары. Еліміздің басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Back to top button