«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы атауын өзгертті

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы атауын өзгертті

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы атауын өзгертті
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметінің №955 қаулысымен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының атауы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып өзгерді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы ҚР Сауда және интеграция министрлігіне өтеді. «QazExpoCongressке» маңызды мемлекеттік және квазимемлекеттік халықаралық сауда-экономикалық іс-шараларын жүргізу бойынша «Бірыңғай оператордың» өкілеттігі берілетін болады. Құзыреттердің шоғырлануы стандарттар мен тәсілдерді (бірыңғай тұжырымдама, фирмалық стиль мен ұлттық нақышты) біріздендіру, бірыңғай институтционалдық жадынаманы құру арқылы қазақстандық іс-шараларды ұйымдастыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бірыңғай оператордың «толық дайын» іс-шараларды ұйымдастыруы тек қана Қазақстанның сауда-экономикалық мүдделерін қорғауға және бастамаларын ілгерілетуге мемлекеттік органдарды «қайта бағдарлауға» әсерін тигізеді«, - делінген министрлік хабарламасында.