21 жастағы жігітті пышақтап өлтірген ақтөбелік қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

21 жастағы жігітті пышақтап өлтірген ақтөбелік қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

21 жастағы жігітті пышақтап өлтірген ақтөбелік қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті
ашық дереккөзі
Ақтөбеде 21 жастағы жігітті өлтірген адам психикалық жағдайы нашар болғандықтан қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды tengrinews.kz.   Басылым мәліметінше, қылмыс бойынша күдікті - 29 жастағы ақтөбелік. Енді ол психдиспансерде емделетін болады.  Оқиға биыл 29 тамызда болған. Екі ер адам автобуста сөзге келісіп қалып, аялдамаға келгенде сыртқа шыққан. Жанжал барысында біреуі қарсыласын пышақтап, супермаркет маңындағы көше бойымен қашып кеткен. 21 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған. Пышақ оның жүрегі мен өкпесіне тиген. "Қылмыстық іс тоқтатылды. Медициналық шаралар қарқынды бақылаумен психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде шара тағайындалды", - деп мәлімдеген Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.