«Эльза» 4 адамды опат қылды

Табиғат апатына байланысты Франция, Испания және Португалияның кей аймақтарында қауіптің деңгейі көтерілді. 

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, сағатына 130 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, көп елді мекенді су басып жатыр. Испанияның Уэльва провинциясындағы кей қалаларда оның биіктігі жарты метрге дейін жетті. Бұл елде 2 тұрғын лай көшкіні мен қабырғаның құлауынан қаза тапты. Ал Португалияда табиғат апатынан 2 тұрғын опат болды.

Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Back to top button