Туризмге тұсау болар бір себеп

Сондай-ақ!

Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)

Атыраудағы «Білім-Инновация» (қазақ-түрік лицейі) лицейінің 2005 жылғы түлектері африкалық Малави мемлекетіндегі ауылдардың бірінде өз қаражаттарына ауыз су құдығын орнатты, деп хабарлайды «Ақ  Жайық» басылымы....

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді. Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Barrel» жедел алдын алу шарасы шеңберінде 2018-2020 жылдар...

Қабатовтың көлігімен кісі өлтірген көмекшісі енді әзілкештің әйеліне тиесілі көлікпен ереже бұзды (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен оның көмекшісі адам қағып өлтіргені жайлы ақпарат тараған еді. «Кокшетау Азия» порталының сюжетіне сүйенсек, дәл...

Қазақстандық музыканттың туындысы Grammy сыйлығына ұсынылды (видео)

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтың SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығына ұсынылды. Grammy номинанттарының тізімі сыйлықтың ресми сайтында жарияланды. Иманбектің өзі де Instagram...

Елімізде 2019-2025 жылдарға арналған туризмді кешенді дамыту бағдарламасы әзірленуде.  Мақсат – Қазақстандағы турис­тер ағынын 3 млн-нан 13 млн адамға дейін арттыру. Межеге жетсек, шетелден келетін саяхатшыларға «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп еліміздің тарихи-мәдени ескерткіштерін таныстырып, жеріміздің сұлулығы мен байлығын көрсететін гидтер мен экскурсоводтар қызметіне сұраныс өсетіні анық. Өкінішке қарай, Қазақстанда өз ісін жетік меңгерген кәсіби жол нұсқаушылар саусақпен санарлық.

Бір қарағанда, автобустың алдыңғы орнында отырып алып, «Оңға қарасаңыздар…, сол­ға қарасаңыздар…» деп жол бастаудың еш қиындығы жоқ секілді көрінеді. Алайда те­реңірек үңілсеңіз, экскурсия жүргізуші маман­ның жұмысы педагог, ғалым, тарихшы, аудармашы, спорттық нұсқаушы секілді бірнеше мамандықтың жүгін арқалайтынын ұғуға болады. Өйткені жол нұсқаушылардың қызметі аталған салалардың бәрімен ұштасып жатыр. Гидтер үшін, әсіресе шет тілдерді білудің маңы­зы зор. Өйткені өзге мемлекеттен келетін туристермен тікелей тілдесіп, сауалдарына жауап бере алатын деңгейде болғаны жөн.

Ел туризмінің дамуына тұсау болып отыр­ған кедергінің бірі – жол нұсқаушы мамандар тап­шылығы. Бүгінде Қазақстанда реестрге тіркелген гидтердің саны 150-ге де жетпейді. Бұл туристердің еліміз жайлы тұшымды ақ­парат алуына кедергі. Сондықтан Kazakh Tourism ұлттық компаниясы жол нұсқау­шы­ларды халықаралық стандартқа сай оқытуды қолға алмақ. Өкінішке қарай, Қазақстандағы жоғары оқу орындарында гидті даярлау ісі қолға алынбаған. Отандық туризмнің кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін ұлттық туристік компания келер жылдың соңына дейін 200 гидті дайындап шығармақ.

– Елімізде гидтерді дайындайтын курстар бар. Бірақ олар арнайы қабылданған стан­дарт­қа сүйенбейді. Түрлі деңгейдегі оқытушылар дәріс береді. Курстар 2 апта, кейде 6 айға дейін жалғасады. Бұл сапаның ақсауына әкеп жатыр. Әрі жол нұсқаушылардың белгілі бір нысан жай­лы деректері әрқилы. Бұл дұрыс емес. Сон­дықтан біз тренинг жүргізуді қолға алдық. Бір аптада гидтердің халықаралық қауымдастығы оларға сабақ береді. Бұл курстарда білікті тре­нерлер де оқытылады, – дейді Kazakh Tourism ұлттық компаниясының туризм индустриясын дамыту департаментінің директоры Гауһар Жеңісбек.

Бурабайды таныстырған «білгіш»

Еліміздің талайлы тарихын, бүгінгі тыныс-тіршілігін жақсы білетін, жеріміздің жағра­фиясын жетік меңгерген, білетінін бірнеше тілде еркін жеткізе алатын кәсіби гидтер аз бол­ғандықтан, кәсіби еместердің айы оңынан туып тұр. Арнайы білімі болмаса да елорда­ның сәулетті ғимаратын, Бурабайдың тамаша табиғатын таныстырып, табыс тауып жүрген­дер көп. Шеттен келген туристердің Қазақстан жайлы, қазақ туралы қандай пікір түйетіні сол елді таныстыратын гидтердің білім-білігіне тәуел­ді десек, көлденең көк аттылардың бұл кә­сіптен нан табуға құмартуы жақсылықтың нышаны емес.

Бұл мәселені әлеуметтік желідегі парақша­сында белгілі ақын Ақберен Елгезек те көтерген еді. «Бурабайға Франция, Польша, Ресей, Австралия, Қырғызстан, Армениядан келген ақындар Қазақ еліне дән риза. Бәрі тамаша, бә­рі жақсы. Тек бір көңілге кірбің түсіретін жағ­дай болды. Біз тоқтаған қонақүйдің әкім­шілігі фестивальға қатысушыларды автобусқа мін­гізіп Бурабайды аралатты. Тамаша таби­ғатқа біз де, қонақтар да көзіміз тоймай қарай бастадық. Бір уақытта жүргізушінің қасында көзі Көкшенің аспанындай көкпеңбек экскурсовод қарағым әңгімені жарсын! Экскурсия мәтінінің ұзын-ырғасы былай. Аңыз айтып отыр баяғы: Құдай жер жүзін жаратқанда қа­заққа жер жетпей қапты. Әлгі қазақ жер таратылып жатқанда, албасты басып ұйықтап қал­са керек, оянса бір қадым жер жоқ (ауада ұйық­таған-ау). Содан не керек, әлгі қазекең, қай­дан тапқаны белгісіз Алдар көсеге ойбайлап барыпты. Алдар көсе Құдаймен бұрыннан таныс болса керек, біздің бейбақ бабамызға осы Көкшетау жерін сұрап әперіп, жарылқап тастапты. Жә, оған намыстан жарылардай боп отырсақ та, күле салдық. Сөйтсек, бұл әлі бер жағы екен. Бір кезде «злой и жестокий правитель Қасым xан бүйткен-сөйткен» деген әңгімені оңды-солды боратсын. Сосын, бұл жерде үш жүздің басын қосып, қазақ xалқын Ресейге қосып аман алып қалған Абылай xан деген кісі өмір сүрген деп төбемізден жай түсірді. «Боровое» деген сөз орыстың «Бор» де­ген сөзінен туындапты-мыс. Ал осы Көкшетау, Ақ­мола дегеніңіз Ресейдің оңтүстік бекеттері екен («южные рубежи Российской империи» деп кәдімгідей ұрып отыр). Шетелден келген қонақтар осының бәрін естіп, басын шұлғып отыр. Автобустан түскен соң, әлгі экскурсовод қыздан: «Мына мәтінді сізге кім дайындап берді?» деп сұрадым. Бұл мәтін бұрыннан бар, оны ежелден осы жерді білетін кәсіби экскурсоводтар жасақтаған деп тұр. Мыналарыңыз қате ақпарат десем, оны сіз емес, біз білеміз деп жұлынды да қалды» деп қынжыла жазды. Елорданы, Алматы мен Түркістанды, Таразды да осындай «білгіштер» таныстырып жүр­ме­геніне кім кепіл?

«Атамекен» ҰКП мамандарының пікірінше, бұл нарыққа жүрдім-бардым көзқарастың негізгі себебі – Қазақстанда гидтер мен экскурсовод мамандығына бекітілген біліктілік та­лаптарының, сондай-ақ бұл қызметті көрсету кезіндегі заңдық талаптарды сақтау бойынша бақылау механизмдерінің жоқтығы. Сонымен қатар ұлттық палата гидтің, гид-аудармашылар­дың, туризм экскурсоводтары мен нұсқаушы­ларының құқықтық мәртебесінің жоқтығы да үлкен мәселе болып тұр деп есептейді. Мәселен, Қазақстан Республикасы «Туристік іс-қызмет туралы» заңында бұл мамандардың міндетті іс-қыз­мет аясын, құқықтары мен міндеттерін еш түсіндірместен іс жүзінде бірдей ұғымдар беріледі: «Экскурсовод – туристерді уақытша болған елде (жерде) туристік ресурстармен та­ныстыру бойынша экскурсиялық-ақпарат­тық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, тиісті біліктілігі бар, кәсіби дайындалған жеке тұлға. Гид (гид-аудармашы) – туристерді уақыт­ша болған елде (жерде) туристік ресурстармен таныстыру бойынша экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, тиісті біліктілігі бар, кәсіби дайын­далған жеке тұлға».

Халықаралық тәжірибеден тәлім іздесек…

Қазақстаннан бір айырмашылығы, Еуропа елдерінде гидтер өздеріне бекітілген бір аумақта ғана экскурсия жүргізе алады. Оларға мемлекеттің басқа өңірінде жол нұсқаушы қызметін атқаруға рұқсат алу қиын-ақ. Мысалы, Францияда, Италияда, Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде «ұлттық гид» деген түсінік бар, ол – бойында бар білім деңгейімен және құзыретімен елдің кез келген өңірінде жұмыс істей алатын, ұлттық гид-аудармашы дипломына, сондай-ақ өнер, мәдениет, археология және сәулет саласында дипломға ие, туризм министрлігінде емтиханды табысты тапсырған адам.

Ал Израильде экскурсовод лицензиясын алу үшін толыққанды бағдарламамен қанық­қан, екіжылдық оқу курсынан өту талап еті­лед­і. Бұған Израильдің археологиясы, дін тарихы, жан-жануар мен өсімдіктер әлемі кіреді, сонан соң еңбек өтілінен өтеді, мемлекеттік емтихан тапсырады, оқтын-оқтын алынған лицензияны растау бойынша біліктілік курсынан өтуге тура келеді. Жапонияда 2007 жыл­дың 1 қазанынан бастап лицензияланбаған гидтердің жұмысына тыйым салынған. Ал Гон­конгта 2010 жылдан бері тіпті экскурсовод­тарға арналған «айыптық балл» жүйесі енгізілген. Егер экскурсовод 2 жыл ішінде 30 айыптық балл жинаса, оның лицензиясының іс-әрекеті автоматты түрде тоқтатылады.

Кедендік одақ елдерінде де экскурсиялық қы­зметке өте байыпты қарайды. Мысалы, көрші Ресейде мамандарды толыққанды оқы­туды және қайта даярлауды ұйымдастыра­тын гид-аудармашы, экскурсовод пен турменеджерлер ассоциациясы жұмыс істейді. Ал Өзбек­станда бір қаладағы гид-аудармашы мектебінен өткен маман басқа қалада экскурсия жүргізу құқын алу үшін әрбір қаланың барлық ескерткіштері мен тарихы туралы күрделі емтихан тапсыруға міндетті. Өзбекстанда гид-экскурсоводтардың жұмысы Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинетінің «Туристік іс-қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы» қаулысымен, «Туристік қыз­метті сертификациялау тәртібі» сияқты нор­мативті-құқықтық актілерімен реттеледі.

Сауатты гидтер мен экскурсоводтар дайын­даудың ел туризмін түлетуде маңызы зор. Сондықтан сапаны қалыптастыратын және оны бақылауға алатын уақыт жетті. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы гидтер мен экскурсоводтар іс-қызметін міндетті түрде лицензиялау және сертификаттау, оқыту және емтихандар тапсыру, сонымен бірге әр үш жыл сайын біліктілікті растау секілді механизмдер енгізуді ұсынған болатын. Палата мамандары­ның пікірінше, гидтерге қойылатын негізгі талап арасында мыналар болуы керек: TOEFL, IELTS, DAAD, Kaztest сияқты халықаралық тес­тілер арқылы тіл білуді растау, қатысушы ре­тінде экскурсияның кемінде екі маршрутын өту және міндетті іс-тәжірибелік дайындық. Бұл шарттар Лондон, Вена, Париж гидтеріне де қойылады. Демек, талапты қатаңдатудан ұт­пасақ, ұтылмасымыз анық.

 

 

 

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Орыс халық аспаптары оркестрі Димашқа ерекше сый жасады (видео)

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық...

Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)

Атыраудағы «Білім-Инновация» (қазақ-түрік лицейі) лицейінің 2005 жылғы түлектері африкалық Малави мемлекетіндегі ауылдардың...

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді. Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы...

Қабатовтың көлігімен кісі өлтірген көмекшісі енді әзілкештің әйеліне тиесілі көлікпен ереже бұзды (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен оның көмекшісі адам...

Бүгін «Nur Otan» партиясының ХХ съезі өтеді

Бүгін "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтеді. Съезде партияның алдағы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...