"Жыл таңдауы" жол апатына түсті

"Жыл таңдауы" жол апатына түсті

"Жыл таңдауы" жол апатына түсті
ашық дереккөзі
Жас әнші, жақында ғана «Жыл таңдауы» байқауында топ жарған Айбек Серікханов 15 жастағы қарындасы Алуамен бірге жол апатына түсті. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.   Оқиға желтоқсанның 14-нен 15-не қараған түні болған. Айбек Серікханов өзінің Huyndai Getz көлігімен туыстарының тойынан шығып, қаладағы үйіне бет алған. Өтеген батыр кентінен қалаға жақындап қалған тұста оның көлігін қарсы жолаққа шығып кеткен Mercedes соғады. Қатты соққыдан Айбек те, қарындасы Алуа да ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Mersedes көлігінің жүргізушісі Мұхтар Шондыбаевтың да жарақаты көп.  Бүгінде жас әнші Айбек Серікханов №4 қалалық ауруханада жатыр. Жақын арада Айбектің мұрнына ота жасалуы қажет. Алайда, ми жарақатына байланысты дәрігерлер отаны кейінге қалдырып отыр.