Талдықорғанда баспанаға мұқтаж 55 отбасы коттеджге қоныстанды

Талдықорғанда баспанаға мұқтаж 55 отбасы коттеджге қоныстанды

Талдықорғанда баспанаға мұқтаж 55 отбасы коттеджге қоныстанды
ашық дереккөзі
 Талдықорғанда пәтер кезегінде тұрған 55 отбасы баспаналы болды. Оларға коттедж үйлердің  кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстады.  «Толық емес отбасы ретінде баспана кезегінде 15 жыл тұрып, бүгін арман болған үйімізге қол жеткіздік. Өзімнің 3 балам, сегіз немерем бар. Тәуелсіздік күнінде баспаналы болып жатқан барша халықты қоныс тойымен құттықтаймын», - дейді қуанышымен бөліскен Рауза Қазақбайқызы. Талдықорған қалалық әкімдігінің мәліметінше, бүгін берілген коттеджді үйлердің барлығы - жалға берілетін баспана. Және бұл үйлер жекешелендірілмейді. «Осы коттеджді қалашықтың аумағында 900 орындық мектеп салынады. Қазір мектептің жобасын бастадық. Балабақша саламыз. Әлеуметтік нысандардың барлығы болады. Осының барлығы - Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттік бағдарламалардың жемісі деп білемін», - деді қоныс иелерін құттықтаған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.