Моңғолияда Қазақстанның Тәуелсіздік күні атап өтілді

Моңғолияда Қазақстанның Тәуелсіздік күні атап өтілді

Моңғолияда Қазақстанның Тәуелсіздік күні атап өтілді
ашық дереккөзі
Ұлан-Батырда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау өтті. Салтанатты іс-шараға Моңғолия Үкіметінің мүшелері, Парламент депутаттары, Ұлан-Батырда аккредиттелген шетел дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың басшылары, көрнекті қоғамдық қайраткерлер, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ қазақ диаспорасының және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. «Шараны ашқан елші Жалғас Әділбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері мен оның бай мұрасы жөнінде баяндады. Елші сондай-ақ, Қазақстан өзінің көпжақты және бейбіт сыртқы саясатымен, саяси тұрақтылығымен, халықтар достығымен және қарқынды дамып жатқан экономикасымен әлемге әйгілі екенін атап өтті» делінген елшілік хабарламасында.  width= Жалғас Әділбаев екіжақты ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпіліс берген Моңғолияның Премьер-Министрі У.Хүрэлсүхтың Қазақстанға ресми сапарын ерекше атап өтті. Бас қонақ ретінде қатысқан Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Д.Цогтбаатар өз сөзінде қазақстандық-моңғол қатынастарының дамуына және Қазақстанның халықаралық сахнадағы тың бастамаларының жүзеге асырылуын жоғары бағалады. Сөз соңында Моңғолияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы екі мемлекеттің арасындағы қатынастардың одан әрі жан-жақты дамуына сенім білдірді. Меймандардың назарына Қазақстан туралы бейнефильм мен фотокөрме, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері орындауында ұлттық әуендер ұсынылды.