АҚШ ғалымдары қартаю мен алжудың алдын алатын дәрі жасады

АҚШ ғалымдары қартаю мен алжудың алдын алатын дәрі жасады

АҚШ ғалымдары қартаю мен алжудың алдын алатын дәрі жасады
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Солка институтындағы ғалымдар алжу мен Альцгеймер ауруына қарсы CMS121 және J147 дәрiлерi тышқандардың қартаюын баяулатады және ми жасушасының зақымдануын бұғаттайды деген тұжырым жасаған. Бұл туралы Medical Xpress баспасөз хабарламасында жазылған, – деп хабарлайды Lenta.ru.  Ғылыми тәжiрибеге тез қартаятын тышқандар алынған. Оларға CMS121 немесе J147, яғни Альцгеймер ауруы, я болмаса қартаю кезiнде нейрондардың қызметiн қолдауға қабiлеттi өсiмдiк қоспалары негiзiндегi заттар берiледі. Жануарлардың жасы – тоғыз ай болған. Бұл адамдардың орта жастан асқаннан кейiнгi кезеңіне тең. Төрт айдан кейiн тышқандардың мiнез-құлқы мен жады тексерiліп, мидағы генетикалық және молекулалық жүйелері талданған. Нәтижесiнде тәжiрибе жүргiзiлген тышқандардың жады қарапайым қандастарынан жақсы болып шықты. Оларда жасушалық және молекулалық деңгейде өзгерiстер байқалған. Мысалы, жасушалық органелдермен энергия өндiретiн митохондрияға байланысты гендердiң белсендiлiгi тұрақты қалпында қалды. Қоспалар алмасуда маңызды саналатын А ацетилкоферментiнiң деңгейiн арттыруға көмектесетiнi анықталды, ол митохондрия жұмысын жақсартады және қартаюға ықпал ететiн ми жасушаларындағы процестердi баяулатады.