Одесса колледжінде болған өртке байланысты бүгін Украинада қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды Укринформ.
«Бүкіл Украинада аза тұту күнінде: мемлекеттік органдардың, жергілікті билік органдарының, мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың үйлерінде және ғимараттарында Украинаның Мемлекеттік Туы түсірілсін; ойын-сауық және концерттік шаралардан бас тартылсын, теледидар мен радио бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілсін», – делінген Президент Жарлығында.
Сонымен қатар, Владимир Зеленский бұл шешіміне Facebook-тегі парақшасында да арнайы пікір білдірді.
«Осы қайғылы оқиға барлық шенеуніктер, басшылар, барлық Украина азаматтары үшін сабақ болсын. Өмір – әрқайсымыздың қолымызда бар ең құнды нәрсе. Адам өмірі – бұл елдің ең басты құндылығы. Олардың өмірін сақтау – мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті. Адамдар майданда жан қиып жатса ауыр дейміз. Ал бейбіт қалада, біреудің қателіктері немесе немқұрайдылық салдарынан адамдардың қайтыс болуы екі есе ауыр», – деді ол өз жазбасында.