Қазақстан Республикасында өзіңізбен аттас қанша азамат бар екенін білесіз бе? Мұндай мәлімет сізге қызықты болса, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайтындағы «Мен сияқты неше бар?» бөлімінен (сілтеме: http://stat.gov.kz/itis/interesting/likeme) қажетті ақпар ала аласыз. Бұл тестің нәтижесінде өзіңізбен аттас неше адам бар екенін, оның ішінде (қанша ер немесе әйел) және сіздің есіміңіз қандай ұлт өкілдерінде кездесетінін анықтай аласыз.